-
Сайтта орналастырылған барлық нысандар, соның ішінде, дизайн элементтері, мәтін, графикалық суреттер, көрнекілік суреттері, видео, скриптер, бағдарламалар, музыка, дыбыстар және басқа да нысандар мен олардың топтамалары (әрі қарай - «Контент») Компанияның, Сайт Пайдаланушыларының және өзге құқық иелерінің айрықша құқық нысандары болып табылады, осындай нысандарға қатысты барлық құқықтары қорғалған.
-
Осы Келісіммен, әрі қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген жағдайларды қоспағанда, ешбір Контент көшірмелене (қайталана), қайта өңделе, таратыла, көрсетіле, жариялана, жүктеле, тапсырыла, сатыла алмайды немесе, құқық иесі кез-келген тұлғаның Контентті еркін пайдалануына айқын келісімін берген жағдайларды қоспағанда, құқық иесінің алдын-ала келісімінсіз толығымен немесе ішінара басқа әдіспен пайдаланыла алмайды.
-
Осы Келісіммен Пайдаланушыға Сайта орналастырылған меншікке қандай да бір айрықша зияткерлік құқықтары берілмейді.
-
Пайдаланушы Сайтта өзіне заңды негіздерде тиесілі Контентті орналастыра отырып, Компания ҚР заңнамасымен қарастырылған авторлық құқықты қорғаудың бүкіл мерзіміне оны үнемі және тегін пайдалануға айрықша емес құқық береді, соның ішінде, осы құқықтардың және осы Келісімде тізімделген құпиялық шарттарын сақтай отырып, Пайдалануы жіберген немесе орналастырған материалмен байланысты болуы мүмкін кез-келген басқа құқықтардың әрекет ету мерзімін шектеусіз, қарап шығу, қайталау (соның ішінде көшірмелеу), аудару, жалпыға мәлім ету, қайта өңдеу (соның ішінде көшірмелерін басып шығару), өзгерту, бейімдеу, жария түрде орындау, жариялау, туынды өнім жасау, тарату, бүкіл әлемде жүзеге асыру және/немесе танымал ретінде таратылатын өзге туындыларға енгізу, әрі әлі ойлап табылмаған кез-келген әдіспен тарату арқылы шегіну құқығын береді.
Бұл ретте, Компания Пайдаланушының Контентін жоғарыда айтылған әдіспен Сайт мақсаттарында немесе солармен байланысты, соның ішінде оны танымал ету үшін де пайдалануға құқылы. Аталған мақсаттарда Компания туынды шығармалар жасай алады немесе Пайдаланушының Контентін сәйкес жинақтарға құрамдас бөліктері ретінде енгізе алады, аталған мақсаттарға жетуге септесетін басқа да әрекеттер жасай алады.
Пайдаланушы оған Контентті пайдалану үшін сыйақы төленбейтінімен немесе басқа түрде өтемақы берілмейтінімен, әрі Компания Пайдаланушыны Контент авторы ретінде көрсетуге міндетте емес екенімен келіседі және растайды.
-
Егер Пайдаланушы Контентін Сайттан өшіріп тастаса, Келісімнің 3.4-тармағында айтылған құқықтары автоматты түрде кері қайтарылады, алайда Компания Пайдаланушы Контентінің мұрағаттық көшірмелерін белгісіз мерзім бойы сақтауға құқылы.
-
Компания Пайдаланушы Сайтта орналастырған кез-келген материалдарды Пайдаланушыға кері қайтармайды.
-
Құқық иесінің айқын келісімі болмаса, Пайдаланушы өзге сайттардың, дерекқорлардың Контентін және зияткерлік жұмыстың басқа да нәтижелерін жүктеуге немесе өзге жолмен баршаға мәлім етуге (Сайтта жариялауға) құқығы жоқ.
-
Осы Келісімде көрсетілгеннен басқа немесе құқық иесінің айқын келісімі бар болған жағдайды қоспағанда, Сайтты немесе Контентті құқық иесінің алдын-ала жазбаша келісімінсіз кез-келген жолмен пайдалануға қатаң тыйым салынады.
-
Егер осы Келісімде басқасы айқын көрсетілмесе, ондағы ешбір мәселе Контентке айрықша құқықтар беру ретінде қарала алмайды.
-
Осы Келісімнің ешбір ережесі Пайдаланушыға Компанияның фирмалық атауын, тауар белгілерін, домен атауларын және өзге ерекшелік белгілерін пайдалану құқығын бермейді.
-
Пайдаланушы Сайтта немесе оның көмегімен жүктейтін немесе өзге жолмен жалпыға мәлім ететін (жариялайтын) кез-келген Контент немесе басқа ақпарат үшін жеке жауапкершілікке ие. Егер Пайдаланушы Қазақстан Республикасының заңнамасына сай иеленген немесе өзіне берілген сәйкес құқықтары болмаса, Сайтта Контент жүктеуге, беруге немесе жариялауға құқығы жоқ.
-
Компания тыйым салынған Контент бар-жоғын тексеру үшін Сайтты қарап шыға алады, бірақ міндетті емес және кез-келген Контентті немесе пайдаланушыларды (ескертусіз) өз қалауынша кез-келген себеппен немесе себепсіз, соның ішінде, Компанияның жауапты тұлғаларының пікірінше осы Келісімді, Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзады және/немесе басқа Пайдаланушылардың немесе үшінші тұлғалардың құқықтарын бұзуы мүмкін, зақым келтіруі мүмкін немесе қауіпсіздігіне қауіп төндіруі мүмкін деп санайтын Контентті ығыстыруға немесе өшіруге ешбір шектеу қоюсыз өшіре немесе ығыстыра алады.
-
Сайтта Контент орналастыра отырып, Пайдаланушы келесілерді растайды:
-
осындай материалдар Пайдаланушының жеке меншік туындысы болып табылады және/немесе Пайдаланушы оны Компанияға барлық жоғарыда аталған мақсаттар үшін беру құқығына ие;
-
осындай материалдарда жала және/немесе тұлғаның намысы мен қадір-қасиетін қорлайтын қандай да бір ақпарат жоқ; әрі
-
осындай материалдарды орналастыру және материалдардың өзі ешқандай заңдарды бұзбайды.
-
Пайдаланушы Компанияға Пайдаланушы осы Келісімде көрсетілген шарттарды бұзуы нәтижесінде келтірілуі мүмкін кез-келген сот шығындарын, зардапты және басқа да шығындарды өтеуге міндеттеледі.