Cookie саясаты

Осы бөлімнен Сіз https:///myglo.kz мекен-жайында орналасқан сайтымызға (бұдан әрі - Сайт) кірген кезде біз қандай cookie файлдарын сақтайтынымыз, сондай-ақ cookie файлдарын өшіру немесе тазалау әдістері туралы ақпаратты таба аласыз.

Сайт «БРИТИШ АМЕРИКАН ТОБАККО КАЗАХСТАН ТРЕЙДИНГ» ЖШС компаниясына (бұдан әрі – «Біз») тиесілі және басқарылады.

Осы Сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, Сіз осы құжатта көрсетілген тәсілдермен cookie файлдарын пайдалануға келісесіз.

1. COOKIE ДЕГЕН НЕ?

Cookie – біз Сіздің компьютеріңіздің, планшетіңіздің немесе ұялы құрылғыңыздың браузерінде немесе қатты дискіде сақтайтын шағын файл. Cookie файлы Сіз сайтымызға келесі жолы сол компьютерден және сол браузер арқылы кіргенде, сайтқа бір рет кіргенде (‘session cookie’) және бірнеше рет кіргенде (‘persistent cookie’) Сізді пайдаланушы ретінде тануға мүмкіндік береді. Барлық басқа файлдар да сол сияқты жұмыс істейді, осы бөлімде біз барлық осындай файлдарды меңзеу үшін «cookie» сөзін қолданамыз.

Cookies – сайтқа кірушілер туралы ақпаратты жинау үшін кеңінен қолданылатын технология. Веб-сайттардың басым көпшілігі әртүрлі міндеттерді орындау үшін осындай файлдарды пайдаланады. Біз файлдарды келесі мақсаттарда пайдаланамыз:

Қажетті cookies: біздің сайттың жұмыс істеуі үшін қажет cookies файлдары, мысалы, Сізге сайтымыздың қауіпсіз тарауларында тіркелуге немесе онлайн төлем қызметтерін пайдалануға мүмкіндік беретін cookies файлдары.

Аналитикалық cookies: келушілерді тануға және санауға, сонымен қатар келушілердің Сайтымыздағы іс-әрекеттерін көруге мүмкіндік береді. Бұл бізге, мысалы, пайдаланушылар іздегенін оңай таба алуы үшін Сайттың жұмысын жақсартуға көмектеседі.

Функционалдық cookies: олар Сіз біздің сайтқа оралған кезде Сізді тану үшін пайдаланылады. Бұл бізге сайт мазмұнын Сізге бейімдеуге, атыңызды атап сәлемдесуге және қалауларыңызды есте сақтауға (мысалы, тіл немесе аймақ таңдауы), сонымен бірге карталар, әлеуметтік желілер сияқты басқа сайттардағы деректерді пайдалануға мүмкіндік береді.

Жарнамалық cookies: бұл файлдар Сіздің веб-сайтымызға кіруіңізді, Сіз кірген беттерді және Сіз ашқан сілтемелерді тіркейді. Біз бұл ақпаратты біздің ойымызша Сізге қызықты болуы мүмкін жарнама мен контент ұсыну үшін пайдаланамыз. Осы мақсатта біз бұл ақпаратпен үшінші тараптармен бөлісе аламыз.

Бұл Cookie саясаты Сізге біз осы Сайтта қолданатын арнайы cookies туралы ақпаратты береді.

2. COOKIES ҚАЛАЙ БАСҚАРУҒА НЕМЕСЕ ЖОЮҒА БОЛАДЫ?

Сіз Сайтқа кірген кезде Сізге біз cookies пайдаланатынымыз туралы хабарлама жолданды. Сізге хабарлау үшін cookie пайдалануға мәжбүр болдық (бұл cookie туралы толығырақ – төмендегі кестеде, Cookie баннері астында). Егер Сайтты пайдалануды жалғастырсаңыз, Сайтпен жұмысыңызды жақсарту үшін "Cookie саясатының" осы тарауында сипатталғандай компьютеріңізге қосымша cookies және басқа да трекинг технологиялары орнатылады. Сайтты пайдалануды жалғастыра отырып және/немесе Шарттар мен Ережелердің немесе Сатып алу ережесін қабылдай отырып, Сіз осындай cookies және трекинг технологияларының пайдаланылуына келісесіз.

Біз cookies файлдарын Сіздің дербес сәйкестендіру деректеріңізді жинау үшін пайдаланбаймыз. Алайда, егер Сіз осы Сайтта (немесе басқа сайтта) орнатылған cookies файлдарын пайдалануды шектегіңіз немесе бұғаттағыңыз келсе, оны браузер баптауларында жасай аласыз. Мұны қалай істеу керек екенін білу үшін браузеріңіздің «Көмек» бөлімін қараңыз. Егер Сіз бірінші кезекте басқа сайттардың cookies файлдарына алаңдасаңыз, оларды http://www.youronlinechoices.com/uk/your-ad-choices сайтында өшіре аласыз..

Сіз сондай-ақ әртүрлі браузерлерде cookies файлдарын өшіру туралы толық ақпаратты қамтитын http://www.allaboutcookies.org/ сайтына кіре аласыз. Онда Сіз компьютеріңіздегі cookies файлдарын қалай өшіруге болатынын және cookies технологиясы туралы жалпы ақпаратты егжей-тегжейлі біле аласыз. Өтінеміз, назар аударыңыз, бұл сайттарды біздің компания басқармайды немесе олар бізге тиесілі емес, сондықтан, біз олардағы ақпарат үшін жауап бермейміз.

Өтінеміз, есте сақтаңыз, егер барлық cookies файлдарын бұғаттасаңыз, сайтымыздың кейбір тараулары дұрыс жұмыс істемеуі немесе біздің Сайтқа мүлдем кіре алмауыңыз мүмкін.

3. БІЗ ПАЙДАЛАНАТЫН COOKIES

Төменде біздің Сайтта қолданылатын cookies файлдарының тізімі және олар не үшін пайдаланылатыны туралы ақпарат берілген.

Атауы Сипаттамасы Қолданыс мерзімі Санаты
frontend Сайттағы әрекеттеріңіз туралы ақпаратты сақтауға мүмкіндік беретін ID қамтиды Сессиялық cookie файлдары Міндетті cookie файлдары
admin html
frontend cookie сияқты, бірақ сайттың әкімшілік бөлігінде ғана қолданылады
Сессиялық cookie файлдары Міндетті cookie файлдары
ageverification Сіз көрсеткен және растаған жасты сақтайды Сессиялық cookie файлдары Міндетті cookie файлдары
website saved Сайттың сәйкес нұсқасын ашу үшін елді анықтайды Тұрақты cookie файлдары 1 ай Міндетті емес cookie файлдары
SearchTab Сізге қажетті тауарларды көрсету үшін іздеу жолағын пайдалануға көмектеседі Сессиялық cookie файлдары Міндетті cookie файлдары
awraf_referrer
Ұқсас модуль пайдаланылса, Сайтқа қолдау көрсетеді.
Тұрақты cookie файлдары
2 сағат
Міндетті cookie файлдары
newslettersubs Ақпараттық таратылымға жазылудан бас тартқаныңызды есте сақтайды Тұрақты cookie файлдары
1 апта
Міндетті емес cookie файлдары
CACHED_FRONT_FORM_KEY Үшінші тараптардың Сайттағы ақпаратты өзгертуіне жол бермейді Сессиялық cookie файлдары Міндетті cookie файлдары
VIEWED_PRODUCT_IDS
Сізге қызықты болуы мүмкін дүниені ұсына алуымыз үшін бұрын қандай өнімдер қаралғанын бақылайды
Сессиялық cookie файлдары Міндетті емес cookie файлдары

4. ҮШІНШІ ТАРАПТАРДЫҢ COOKIES ФАЙЛДАРЫ

Біз осы Сайтта өздерінің cookies орнатуы мүмкін басқа провайдерлермен және серіктес сайттармен жұмыс істейміз. Біз олардың cookies файлдарын басқара алмаймыз. Төмендегі кестеде үшінші тарап сайттары орнатқан cookies файлдарының тізімін келтіреміз. Дегенмен, олар пайдаланатын cookies туралы толық ақпарат алу үшін кестеде берілген сілтемелерді басу арқылы осы сайттардың Құпиялық саясатымен танысып шығу керек.

Осы Сайтта пайдаланылатын үшінші тарап Cookies файлдарына жататындар:

Аналитикалық cookies. Біз Сайтымыздағы веб-трафикті талдау үшін ақпарат жинауға мүмкіндік беретін cookie файлдарын қолданамыз. Cookies көмегімен жиналған деректер толығымен анонимді болып табылады. Олар деректерді талдау үшін үшінші тараптарға берілуі мүмкін, бұл кейін Сайтымыздың жұмысын жақсартуға мүмкіндік береді.

Кіріктірілген үшінші тарап контенті Біздің Сайттағы контенттің кейбір бөлігін басқа онлайн қызметтер (үшінші тарап сайттары) қамтамасыз етеді. Осындай контентті қамтитын бетке кіргенде Сізге үшінші тарап cookies орнатылуы мүмкін.

Жарнамалық cookies. Сізге сәйкес жарнамалық хабарламалар көрсету үшін біздің Сайтта өз cookies орнататын басқа провайдерлермен және серіктес сайттармен жұмыс істейміз. Өтінеміз, төмендегі кестеден үшінші тарап cookies тізімін қараңыз. Егер серіктестеріміз пайдаланатын cookies немесе үшінші тарап cookies өшіруге мүмкіндік беретін қызметтерге қол жеткізгіңіз келсе, http://www.youronlinechoices.com/uk/your-ad-choices сайтына кіріңіз немесе осы cookies файлдарына сәйкес Сізге арналған жарнамалық хабарламаның бұрышында көрсетілетін AdChoices логотипін басыңыз.

Төменде осы Сайтта жұмыс істейтін үшінші тарап cookies тізімі берілген:

Атауы Сипаттамасы Қолданыс мерзімі Санаты және өзге ақпарат
__zlcmid Сайтта чат функциясын қамтамасыз етеді Тұрақты cookie файлдары
1 жыл
Міндетті cookie файлдары
ometria Бұл cookie файлы Google Analytics-пен бірге Сайтымызда Сізді қызықтыратын жарнамалар мен тауарлар көрсету үшін пайдаланылады. Бұл cookie файлы біздің Сайтқа кіруіңіз, Сіз қараған беттер, Сіз ашқан сілтемелер туралы ақпаратты сақтайды. Тұрақты cookie файлдары
1 год
Аналитикалық/ Жарнамалық cookie файлдары

Бұл cookie файлын өшіру мүмкін емес, бірақ браузеріңіздің баптауларынан өшіріп тастауға болады
Google Analytics
_utma
_utmt
_utmb
_utmc
_utmz
_ga
__utm *
Бұл сайт Google Inc. ұсынған Google Analytics веб-аналитика қызметінің технологияларын пайдаланады. Осы cookie арқылы Сайтқа кіргеніңіз туралы ақпарат АҚШ-тағы Google серверлеріне жіберіледі және сонда сақталады. Алайда, егер сіз Еуропалық Экономикалық Аймақ шекарасындағы Сайтқа кірсеңіз, Сіздің IP-мекен-жайыңыз оның бір бөлігін жою арқылы мұқабаланады. Ерекше жағдайларда сіздің толық IP-мекен-жайыңыз АҚШ-тағы Google серверінде сақталады.

Google біздің атымыздан бұл ақпаратты біздің Сайттағы Сіздің әрекеттеріңізді бағалау үшін пайдаланады. Кейін бұл біздің қызметтерімізді талдауға және Сайт жұмысын жақсартуға мүмкіндік береді.

Сіздің IP-мекен-жайыңыз басқа Google деректерімен бірге пайдаланылмайды.

Осы cookie файлын пайдалану арқылы біз алатын ақпарат келушілер санын, қаралған беттерді, қаралған URL-сілтемелерді қамтиды.
Тұрақты /сессиялық cookies файлдары
_ga – 2 жыл

__utma – 2 жыл

__utmt – 10 минут

__utmb – 30 минут

__utmc - Сессия

__utmz – 6 ай

__utmv – 2 жыл
Аналитикалық cookies файлдары

Пайдаланушылар http://tools.google.com/dlpage/gaoptout?hl=en сілтемесі арқылы плагин жүктеп алып, орнату арқылы cookie файлдарына Сайтқа кіргені (соның ішінде IP-мекен-жай) туралы ақпаратты Google үшін жинауға және өңдеуге тыйым сала алады.
_hjIncludedInSample Бұл cookie файлын Hotjar heatmapping (ағымдағы пайдаланушы тәжірибесі туралы есеп) мониторингі технологиясын қамтамасыз ету үшін пайдаланады Сессиялық cookie файлдары Өнімділікке арналған cookie файлдары
dtCookie

dtLatC

dtPC
Сookies мәліметтері веб-сайттың өнімділігі мен қолжетімділігін талдау үшін қолданылатын мониторинг құралдарының көмегімен пайдаланылады. Сессиялық cookie файлдары Өнімділікке арналған cookie файлдары
incap_ses_* Cookies біздің Сайттың өнімділігі мен қауіпсіздігін жақсартады Сессиялық cookie файлдары Өнімділікке арналған cookie файлдары
rxVisitor

rxvt
Бұл cookies веб-сайттың өнімділігі мен қолжетімділігін талдау үшін қолданатын мониторинг құралдарының көмегімен пайдаланылады. Тұрақты cookies файлдары

rxVisitor – 1 жыл

rxvt – 2 жыл
Өнімділікке арналған cookie файлдары

5. E-MAIL ТАРАТЫЛЫМДАРДЫ БАҚЫЛАУ

Біз Сізге жіберетін кейбір электрондық хаттарда оны қашан ашқаныңызды және ондағы қай сілтемелерді басқаныңызды анықтауға мүмкіндік беретін маяк пикселі немесе бақылау сілтемелері сияқты элементтер болуы мүмкін. Біз бұл ақпаратты электрондық таратылымның қай элементтері Сізді көбірек қызықтыратынын анықтау үшін пайдаланамыз.

Хатты жою арқылы пикселді алып тастауға болады. Егер пиксельді компьютеріңізге немесе басқа құрылғыңызға жүктеп алғыңыз келмесе, таратылымді HTML орнына кәдімгі мәтін пішімінде алуды таңдай аласыз. Сондай-ақ [email protected] электрондық поштасына хабарласу арқылы электрондық таратылымға жазылудан бас тарта аласыз.

6. ӨЗГЕРІСТЕР

Біз Cookie саясатын кез-келген уақытта өзгерте аламыз, сол туралы электрондық таратылым арқылы хабарлаймыз немесе Сайтымызда жариялаймыз. Кез-келген өзгертулер электрондық таратылым алған сәттен бастап немесе жаңартылған құжат Сайтта жарияланған сәттен бастап, қайсысы бірінші орын алса, 7 (жеті) күн ішінде күшіне енеді. Өзгерістер енгізілгеннен кейін Сайтты пайдалануды жалғастырсаңыз, жаңа шарттармен келісетініңізді автоматты түрде растайды.

7 БІЗБЕН ҚАЛАЙ БАЙЛАНЫСУҒА БОЛАДЫ

«БРИТИШ АМЕРИКАН ТОБАККО КАЗАХСТАН ТРЕЙДИНГ» ЖШС

Алматы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 240Г

glo қолдау қызметі

Телефон: ұялы телефоннан 5757

Электрондық пошта: [email protected]


law_pic

Бұл өнім денсаулығыңызға зиян және тәуелділік тудырады. Бұл веб-сайтта көрсетілген ақпарат пен суреттер «БРИТИШ АМЕРИКАН ТОБАККО ҚАЗАҚСТАН ТРЕЙДИНГ» ЖШС никотині бар бұйымдарының тіркелген тұтынушыларына ғана арналған

limit