Пайдалану нұсқаулығын қараңыз. 1. Барлық 4 индикатор бір уақытта жанып тұрса, келесі жағдайлар болуы мүмкін: A) glo™ темекі қыздыру жүйесінің батареясының температурасы ең жоғары мәннен асып кеткен (құрылғыны салқынырақ жерге қойып, суытыңыз) немесе ең төмен мәннен түсіп кеткен (құрылғыны жылырақ жерге қойып, жылытыңыз) Б ) glo™ темекі қыздыру жүйесінің батареясы отырып қалған. Түймені басу арқылы қуат деңгейін тексеріңіз. Қажет болса қайта қуаттаңыз. 2. Егер шамдар кезекпен, сол және оң жақтан жанып тұрса, құрылғыны суыту керек. Шамамен 90 секунд күтіп, құрылғыны қайта қосыңыз. 3. Жоғарғы жарты шеңбердің индикаторлары жыпылықтайды, демек, құрылғыда ақау бар. Тұтынушыларды қолдау қызметіне хабарласыңыз.