Сайтқа кіру үшін жасыңызды растауыңыз керек

Сіз «БРИТИШ АМЕРИКАН ТОБАККО КАЗАХСТАН ТРЕЙДИНГ» ЖШС-нің (бұдан әрі – «БАТ КТ» ЖШС) glo™ сауда белгісінің темекі қыздыру құрылғыларының және қыздырылатын темекісі бар бұйымдарының ресми сайтындасыз.

Біз сайтпен жұмыс жасау тәжірибесін жақсарту үшін Cookies саясатына сәйкес cookie файлдарын пайдаланамыз.

Біз Cookies саясатына сәйкес сайтпен жқмыс жасау тәжірибесін жақсарту үшін cookie файлдарын пайдаланамыз.

Мен 21 жастан асқан темекі/құрамында никотин бар бұйымдардың тұтынушысы екенімді растаймын және cookie файлдарын пайдалануға келісемін.

Кешіріңіз, құрамында никотин бар өнімдер сайтына 21 жастан асқан пайдаланушылар ғана кіре алады.
myglo.kz сайтына қош келдіңіз
Жалғастыру үшін, өтінеміз, сатылатын өнімдер тізімімен танысып шығыңыз
glo Hyper Pro Rose
13990 ₸
glo Hyper Pro Purple
13990 ₸
glo Hyper Pro Teal
13990 ₸
glo Hyper Pro (Black/Red)
13990 ₸
glo™ HYPER Pro (blue)
13990 ₸
glo Hyper Air (Tulip Edition)
8990 ₸
glo™ HYPER X2 black (LEP)
11990 ₸
glo Hyper Air (Blue)
8990 ₸
glo Hyper Air (Black)
8990 ₸
glo Hyper Air (Pink)
8990 ₸
glo Hyper Air (Gold)
8990 ₸
glo™ HYPER X2 red black
8990 ₸
glo™ HYPER X2 black
8990 ₸
glo™ HYPER X2 khaki
8990 ₸
glo™ HYPER X2 blue
8990 ₸
glo™ pro slim gold
8990 ₸
glo™ pro slim black
8990 ₸
neo demi exotic blast
930 ₸
neo demi violet blast
930 ₸
neo demi pink blast
930 ₸
neo Demi Classic Tobacco
930 ₸
neo Demi Silver Tobacco
930 ₸
KENT STICKS FRESH AZURE
900 ₸
Vogue Fresh Boost
900 ₸
Vogue Royal Red
900 ₸
neo™ Beryl Click
930 ₸
Vogue Arctic Boost
900 ₸
KENT STICKS TOBACCO
900 ₸
neo™ Satin Tobacco
930 ₸
neo™ Winter Break Edition
930 ₸
neo™ Violet Click
930 ₸
neo™ Purple Click
930 ₸
neo™ Boost Scarlet
930 ₸
neo™ Boost Royale
930 ₸
neo™ Boost Red
930 ₸
KENT Violet Click
900 ₸
KENT Red Boost
900 ₸
ИЗДЕЛИЕ ДЛЯ ИСПОЛЬЗОВАННЫХ НАГРЕВАЕМЫХ ТАБАЧНЫХ ПАЛОЧЕК ДЛЯ АВТОМОБИЛЕЙ черный
5990 ₸
Силиконовый чехол красный
1990 ₸
Силиконовый чехол фиолетовый
1990 ₸
Cтартовый набор glo Hyper Pro blue
10990 ₸
Стартовый набор glo Hyper Pro black/red
10990 ₸
profile
0 ₸

Сату шарттары мен ережелері

  1. КІРІСПЕ

    1. Осы Сату ережелері мен шарттары (бұдан әрі – «Шарттар») онда көрсетілген бүкіл ақпаратпен және құжаттармен бірге «БРИТИШ АМЕРИКАН ТОБАККО КАЗАХСТАН ТРЕЙДИНГ» ЖШС өнімін, атап айтқанда, темекі қыздыру құрылғыларын және қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды (бұдан әрі – «Өнімі» немесе «Өнімдер») Сізге осы сайт («Сайт») арқылы сатуымызды реттейді.

    2. Өтінеміз, тапсырысты рәсімдемес бұрын осы Шарттарды, әсіресе біздің жауапкершілігімізді шектеу туралы тармақты мұқият оқып шыққаныңызға көз жеткізіңіз.

    3. Сайтымыз арқылы Өнімге тапсырыс бергенде Сіз осы Шарттармен келісесіз және оларды қабылдайсыз. Сіз осы Шарттардың көшірмесін басып шығара аласыз немесе кейін пайдалану үшін сақтап қоя аласыз.

    4. Тіркелу және Өнімдерді Сайт арқылы сатып алу үшін Сіздің жасыңыз 21 (жиырма бір) және одан жоғары болуы тиіс, әрі Сіздің ҚР аумағында тіркелген пошта мекен-жайыңыз болуы тиіс.

    5. Біз осы Шарттарды ара-тұра жаңартып тұруымыз мүмкін. Өнімге тапсырыс берген сайын сол мезетте қолданылатын ережелерді түсінетініңізге көз жеткізу үшін, өтінеміз, осы Шарттарды тексеріңіз.

    6. Сайтымызды пайдалану Сайтты пайдалану шарттарымен реттеледі. Өтінеміз, оларды оқып шығыңыз, себебі, онда Сіз осы Сайтқа кірген сайын қолданылатын маңызды ережелер баяндалған.

  2. БІЗ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

    1. glo™ темекі қыздыру құрылғысын Ұлыбританияда орналасқан және «Бритиш Американ Тобакко» компаниясының "Nicoventures" бөлімшесіне кіретін "Nicoventures Trading Ltd" компаниясымен өндіріледі.

      Бұл сайттағы тауарларды «БРИТИШ АМЕРИКАН ТОБАККО КАЗАХСТАН ТРЕЙДИНГ» ЖШС (Қазақстан Республикасы, Алматы, A26F8D4, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 240Г) сатуға ұсынады.

      Сіз бізбен glo қолдау қызметімен ұялы телефоннан 5757 нөміріне хабарласа аласыз немесе [email protected] поштасына хат жолдай аласыз. Біз әрдайым қуана көмектесеміз.

  3. БІЗДІҢ ӨНІМДЕР

    1. Сайттағы Өнімдердің сипаттамасы Өнімдердің іс жүзіндегі қаисеттерінен өзгеше болуы мүмкін. Назар аударыңыз, Сайттағы Өнім сипаттамасы және Сіз алған Өнім арасында болмашы айырмашылықтар болуы мүмкін. Тапсырыс бермес бұрын Сайтта Өнімнің сипаттамасын тексеріп алғаныңызға көз жеткізіңіз.

  4. ҚАЛАЙ ТАПСЫРЫС БЕРУГЕ БОЛАДЫ

    1. Біз тек 21 (жиырма бір) жастан асқан, Қазақстанда тіркелген тұрақты мекен-жайы бар Қазақстан Республикасы азаматтарынан және Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетел азаматтарынан ғана тапсырыс қабылдаймыз.

    2. Өнімге тапсырысты Сайтта тіркелу арқылы бере аласыз. Сіз ақысын тапсырысты алғанда төлеу мүмкіндігі бар нұсқаны пайдалана аласыз.

    3. Сіз Өнімге тапсырысты Сайттағы онлайн тапсырыс беру үлгісінің көмегімен рәсімдей аласыз. Сайтта тапсырыс жасау бойынша нұсқаулық, сонымен қатар, тапсырысты жіберу алдында туындаған қателерді тексеру және түзе мүмкіндігі қарастырылған. Сіз тапсырыс рәсімдеу аяқталарды «Тапсырыс беру» батырмасын басқанда біз тапсырысыңызды аламыз. Сіздің тапсырысыңыз өнімді сатып алу туралы ұсыныс болып табылады.

    4. Сіз тапсырыс жасағаннан кейін біздің қызметкер Сізге қоңырау шалып, жеткізу мәселесін нақтылайды. Жеткізу шарттары нақтыланғаннан кейін тапсырысыңыз қабылданады.

    5. Біз төлемді алғанға дейін кез-келген уақытта ешқандай себепсіз кез-келген тапсырысты қабылдамауға құқығымыз бар. Тапсырысты қабылдаудан бас тартқан жағдайда біз Сізге қабылданған шешім туралы мүмкіндігінше тезірек хабарлаймыз және осы Сайтта тіркелу кезінде көрсеткен телефон немесе электрондық пошта арқылы Сізбен байланысамыз.

    6. Біз сайтта ұсынылған барлық Өнімдердің бар болуына кепілідк бермейміз. Егер Сіз тапсырыс берген Өнім жоқ болып қалса, біз Сізге осы туралы электронды пошта арқылы немесе өзге тәсілмен мүмкіндігінше жылдам хабарлаймыз және тапсырысыңызды әрі қарай өңдеуді тоқтатамыз.

    7. Тапсырысты жібере отырып, Сіз тапсырыс бергенде келісім-шарттың қарым-қатынастарға енуге құқылы екеніңізге кепілдік бересіз.

    8. Біз Өнімді жібергенге дейін, соның ішінде біз Сіздің тапсырысыңызды қабылдағаннан кейінгі аралықта Сіз осы Шарттарды бұзсаңыз, Өнім Сізге жеткізілмейді.

  5. БАҒАЛАР

    1. Барлық бағалар теңгемен көрсетілген және құрамына ҚҚС қосылмаған. Жеткізу құны тапсырыс берген сәтте көрсетіліп, Сіз тапсырысты растағанға дейін сатып алу бағасына қосылатын болады.

    2. Сайтта көрсетілген Өнім бағасы тапсырысыңызды қабылдаған күні жарамды. Бағалар кез-келген уақытта, алдын-ала ескертусіз өзгертілуі мүмкін, бірақ, өзгерістер қабылданып қойған тапсырыстарға әсер етпейді.

      Дегенмен, егер ҚҚС мөлшерлемесі тапсырыс беру күні мен жеткізу күні арасында өзгерсе, біз, егер Сіз тапсырысты ҚҚС өзгерістері күшіне енгенге дейін толығымен төлеп қоймасаңыз, Сіз төлейтін ҚҚС сомасын түзететін боламыз.

    3. Біз қанша күш салғанмен, Өнім бағасы сайтта дұрыс көрсетілмеуі мүмкін. Егер біз Сіз тапсырыс берген Өнім бағасынан қате тапсақ, Сізге осы туралы хабарлаймыз және тапсырысты дұрыс бағамен рәсімдеуге немесе тапсырысты алып тастауға мүмкіндік береміз. Егер Сіз бізге 7 (жеті) жұмыс күні ішінде жауап бермесеңіз, тапсырыс алынып тасталды деп есептеледі, ал біз Сізге осы туралы хабарлаймыз.

  6. ҚАЛАЙ ТӨЛЕУ КЕРЕК

    1. Сіз Өнім құнын қолма-қол ақшамен немесе банк картасымен Өнімді алған кезде төлей аласыз. Төлем жүйесі тысқары мердігермен басқарылады. Сіздің төлем жүйесін пайдалануыңыз сол мердігердің шарттарымен және ережелерімен реттеледі. Сіз төлем жүйесін пайдаланбас бұрын сол ережелер мен шарттарды оқып шыққаныңызға және олармен келісетініңізге көз жеткізуіңіз тиіс.

    2. Егер төлем қолма-қол ақшамен немесе банк картасымен жасалса, жеткізу үшін жауапты тысқары мердігер Өнімдерді сатып алуды растайтын сәйкес құжатты ұсынады.

  7. ЖЕТКІЗУ ЖӘНЕ ЖӨНЕЛТУ

    1. Өнімдер тек Қазақстанда орналасқан пошта мекен-жайларына ғана жеткізіледі.

    2. Мүмкіндігінше, бірақ міндетті емес, біз Сайтымызда болжалды жөнелту кестесін көрсетеміз. Назар аударыңыз, сайтта көрсетілген жөнелту кестесі болжалды болып табылады; ол кепілдендірілмеген. Сіз көрсеткен электронды поштаға біз тапсырысыңыз жөнелтілгенін растайтын хат жібереміз. Біз Өнім көрсетілген күні жеткізілетініне кепілдік бермейміз, Сіздің де сондай күнге сенім артпағаныңыз абзал.

    3. Өнімдер Сіз тапсырыста көрсеткен мекен-жайға жеткізілгеннен кейін бірден Сіздің жауапкершілігіңізге өтеді.

    4. Біз Сізден төлемді толық көлемде алғаннан кейін Сіз Өнімдерді өз қолданысыңызға аласыз.

  8. СІЗДІҢ ШАРТТЫ БҰЗУ ҚҰҚЫҒЫҢЫ

    1. Сіз Өнімдерді табыстауға дейін және табыстаудан кейін 14 он төрт күн ішінде кез-келген уақытта тауардан бас тарта аласыз. Тиісті сапалы тауар пайдаланылмаса, тауарлық түрі, тұтынушылық қасиеттері, пломбалары, затбелгілері, сонымен қатар, оны тауарды сатып алуды растайтын құжат сақталса ғана кері қайтарыла алады. Егер тауарды сатып алуды растайтын құжат жоғалса немесе қандай да бір себептермен тұтынушыға берілмесе, бірақ тұтынушы Тауарды сатып алуды дәлелдесе, тауарды айырбасталуы немесе қайтарылуы тиіс. Егер тауар сапасы лайықсыз болып шықса, өтінеміз, бізге қолдау қызметінің ұялы телефоннан 5757 нөміріне немесе[email protected] поштасына хабарлаңыз.

    2. Қолданыстағы заңнамамен рұқсат етілген шеңберде Сіздің келісім-шартты бұзу құқығыңыз біздің тапсырысыңызды қабылдағанымызды – осы сәтте біз бен Сіз арасында келісім-шарт жасалады - растайтын электронды хат алған сәттен басталады. Сіз аталмыш келісім-шартты 14 (он төрт) күн ішінде қолданыстағы заңнамамен рұқсат етілген шеңберде бұза аласыз. Келісім-шартты бұзу мерзімі Сіз тауарды іс жүзінде алған күннен бастап 14 (он төрт) күннен кейін бітеді.

    3. Келісім-шартты бұзу үшін Сіз бізге жазбаша ескерту хат жолдауыңыз тиіс. Сіз оны поштамен хат жіберу немесе [email protected] поштасына электронды хат жіберу арқылы жолдай аласыз. Егер Сіз myglo.kz сайтындағы онлайн-үлгіні толтырып, жіберуді шешсеңіз, біз Сізге үлгіңізді кешіктірмей қабылдағанымызды растайтын электронды хат жібереміз. Келісім-шартты бұзу мерзімінен аспау үшін Сізге осындай мерзім аяқталғанға дейін келісім-шартты бұзғыңыз келетіні туралы ескерту хат жолдау қажет. Өтінеміз, келісім-шартты бұзу туралы ескерту хатының көшірмесін жазбаларыңызда сақтап қойыңыз.

    4. Сіз келісім-шартты бұзған жағдайда Өнім үшін төленген соманы толығымен қайтарып аласыз, бұл ретте, жеткізу қызметін көрсету құны Өнімді керу қайтару кезінде қолма-қол ақшамен шегерілуі мүмкін. Біз Өнімді кері қайтаруды кідіріссіз және кез-келген уақытта келесі мерзімдерден кешіктірмей өңдейміз: (а) Сізден Өнімдерімізді алған күннен бастап 14 (он төрт) күн немесе (b) егер біз Сізге Өнімді жеткізбесек, Сізден келісім-шартты бұзу туралы ескерту хатын алған күннен кейін 14 (он төрт) күн. Біз Өнімдерді Сізден қайтарып алмайынша немесе Сіз Өнімдердің бізге қайтарылғанын дәлелдемейінше (қайсысы ертерек орны алатынына қарай), қаражатты қайтаруды кешіктіре аламыз.

  9. ШАҒЫМДАР ЖӘНЕ АҚАУЛЫ ӨНІМДЕРДІ КЕРІ ҚАЙТАРУ

    1. Егер Өнім сапасына қатысты қандай да бір шағымдарыңыз болса, өтінеміз, бізге [email protected] электронды поштасы арқылы немесе осы Шарттарда көрсетілген мекен-жай бойынша хабарласыңыз. Біз кез-келген шағымдарды мүмкіндігінше 14 (он төрт) күн ішінде өңдеуге тырысамыз.

    2. Егер Сізге жеткізілген Тауар зақымдалған немесе ақаулы болса, өтінеміз, жоғарыдағы 2.1-тармағында көрсетілген байланыс мәліметтері арқылы мүмкіндігінше жылдам бізге хабар беріңіз. Сіз, қаласаңыз, зақымдалған немесе ақаулы өнімді қабылдамауға құқылысыз.

    3. Біз кері қайтарылған Өнімді алғанда біз Өнімнің біздің пікірімізше ақаулы екенін немесе еместігін анықтау үшін тексеруге құқылымыз.

    4. Егер біз Өнімде кепілдік жағдайына жататын ақау бар екенімен келіссек, біз Сізге Өнімнің толық құнын қайтарамыз немесе ақаусыз Өнімге айырбастаймыз.

    5. Біз Сіздің Өнім құнын қайтарып алуға құқылы екеніңізге көз жеткізген соң, қаражат қайтаруды мүмкіндігінше жылдам және Сіздің қаражатты қайтаруға құқылы екеніңіз расталған сәттен бастап 14 (он төрт) күннен кешіктірмей өңдеу үшін бар күшімізді саламыз. Сіз сатып алу тәсіліне қарай қаражатты қолма-қол ақшамен немесе қолма-қол ақшасыз қайтарып аласыз.

  10. ЕСЕПТІК ЖАЗБА АШУ

    1. Сіз Өнімді сатып алуға тапсырысты Сайтта есептік жазба ашу арқылы бере аласыз. Есептік жазба ашу туралы өтініш қалдыру үшін, өтінеміз, Сайттағы нұсқауларды орындаңыз. Біз Сіздің есептік жазба ашу туралы өтінішіңізді мақұлдауға қатысты шешімді қалауымызша қабылдауға құқылымыз.

    2. Сайтта есептік жазба ашу үшін Сіз 21 (жиырма бір) жастан асқан, Қазақстанда тіркелген тұрақты мекен-жайы бар Қазақстан Республикасы азаматы немесе Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетел азаматы, сонымен қатар темекі/құрамында никотин бар бұйымдардың тұтынушысы болуыңыз тиіс.

    3. Әр пайдаланушы тек бір есептік жазба аша алады.

    4. Есептік жазба ашу кезінде біз Сізден атыңыз, тегіңіз, ЖСН, телефон нөміріңіз, электронды поштаңыз, және жеке тұлғаңызды куәландыратын құжатыңыз көрсетілген нақты ақпаратты беруіңізді сұраймыз. Сіздің электронды поштаңыз Сіз Сайтты пайдаланғанда Сіздің жеке тұлғаңызды анықтау үшін қолданылады. Егер Сіз жұмыс істемей электронды поштаңызды көрсетсеңіз, есептік жазбаңызды жоюға құқылымыз. Сіздің тапсырысыңыз Сіз көрсеткен пошта мекен-жайына жөнелтіледі. Біз толық емес немесе дұрыс емес мекен-жай беру нәтижесінде алынбаған тапсырыстар үшін жауапты емеспіз. Сіз берілген ақпарат шынайы, нақты және толық екеніне кепілдік бересіз және осындай ақпараттың қандай да бір бөлігі өзгерсе, дереу бізге хабарлайсыз.

    5. Есептік жазбаңызды пайдалану үшін Сізге кілтсөз таңдау керек. Сіз кілтсөзіңіздің құпия сақталуына толығымен жауаптысыз және кілтсөзді қауіпсіз сақтай алмауыңыздың нәтижесінде есептік жазбаңызға заңсыз кіруден туындаған кез-келген нұқсан немесе шығын үшін жауапты боласыз. Біз Сізге «сенімді» кілтсөз (әріптер мен сандардан құралған) пайдалануға кеңес береміз. Сіз кілтсөзіңіз немесе есептік жазбаңыз заңсыз пайдаланылса немесе заңсыз пайдаланылуы мүмкін болса, дереу бізге хабарлауға міндеттісіз.

  11. ЕСЕПТІК ЖАЗБАҢЫЗДЫ ЖОЮ

    1. Біз кез-келген уақытта және кез-келген себеппен, алдын-ала ескертусіз Сіздің есептік жазбаңызды уақытша істен шығара аламыз немесе жоя аламыз.

    2. Сіз есептік жазбаңызды кез-келген уақытта және кез-келген себеппен [email protected] электронды поштасы немесе есептік жазбаңыз арқылы бізбен хабарласып, жоя аласыз. Сіздің міндеттеріңізге есептік жазбаның иесі екеніңіздің барлық қажетті дәлелдерін ұсыну кіреді.

  12. МӘЛІМЕТТЕРДІ ҚОРҒАУ

    1. Сіз бізге Сайт арқылы ұсынатын кез-келген жеке мәліметтер тек осы Шарттарға және жеке мәліметтерді жинауға және өңдеуге келісім беру шарттарына сай пайдаланылатын болады. Өтінеміз, жалғастырмас бұрын аталған құжаттарды оқып шыққаныңызға көз жеткізіңіз.

    2. Бізге жеке мәліметтеріңізді бере отырып, Сіз олардың осы Шарттарға және жеке мәліметтерді жинауға және өңдеуге келісім беру шарттарына сай пайдаланылатына келісіміңізді бересіз.

  13. ЖАУАПКЕРШІЛІК

    1. Сіз біздің (соның ішінде біздің бас компаниямыздың, еншілес компанияларымыздың, бөлімшелеріміздің, лауазымды тұлғаларымыздың, директорларымыздың, агенттеріміздің және қызметкерлеріміздің) Сіздің алдыңызда келісім-шарттар бойынша немесе заң бұзушылық (соның ішінде, немқұрайдылық) арқылы немесе өзге жолмен келесілер үшін жауапты болмайтынымызды түсінесіз және келісесіз: (а) пайдадан немесе іскерлік беделден айырылу; (b) мәліметтерден айырылу; (c) материалдық емес шығындар; немесе (d) осы Шарттарға немесе Сіздің Сайтты пайдалануыңызға немесе пайдалана алмауыңызға, немесе егер тіпті шығын келітірілуі мүмкін екені туралы бізге ескертсеңіз де, осы Сайттың мазмұнына сенім артуыңызға байланысты туындаған кез-келген жанама, кездейсоқ, арнаулы және ілеспе шығындар.

    2. Қолданыстағы заңнамамен рұқсат етілген шеңберде, осы Шарттарда айқын көрсетілген жағдайларды қоспағанда, осы Сайтта қолжетімді Өнімдерімізге қатысты барлық кепілдіктер мен шарттар айқын көрсетілген немесе заңмен немесе өзге жолмен меңзелген ретінде ескерілмейді.

    3. Осы Шарттардың ешқайсысы Өнімнің құрылымдық, рецептілік немесе басқа да ақауларына немесе Өнім туралы толық емес, шынайы емес немесе уақытылы емес ақпаратқа байланысты Сіздің өміріңізге, денсаулығыңызға және (немесе) мүлкіңізге келтірілген зиян үшін, сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шектеуге немесе алып тастауға болмайтын өзге де міндеттемелер үшін біздің жауапкершілігімізді, шектемейді немесе жоққа шығармайды.

  14. ФОРС-МАЖОР

    1. Біз бақылауымыздан тыс кез-келген жағдайлардан, соның ішінде, бірақ аталатындармен шектелмей, төменде көрсетілген жағдайлардан туындаған осы Шарттарға сай қандай да бір міндеттемелерімізді орындау кезінде кез-келген бас тартудан немесе кешіктіруден тікелей немесе жанама орын алған Сіздің шығындарыңыз, зардаптарыңыз және шығыстарыңыз үшін ешбір жағдайда жауапты болмаймыз: вандализм, жазатайым оқиға, машиналардың немесе құрал-жабдықтың сынуы немесе зақымдалуы, өрт, топан су, табиғат апаттары, ереуіл, басып алу және басқа да өнеркәсіптік дау-дамайлар (біздің қызметкерлер қатысатынына немесе қатыспайтынына тәуелсіз), тапсырысты қабылдау кезінде қолданыстағы нарықтық мөлшерлемелерден материалдар немесе жанар-жағармай жетіспеушлігі, заңнамалық немесе әкімшілік араласу.

    2. Сіздің алдыңыздағы міндеттемелерімізді орындауға әсер ететін жағдайлар туындағанда біз Сізбен ең қысқа мерзім ішінде осы туралы хабарлаймыз: міндеттемелеріміздің мерзімі туындаған жағдайлар жойылмайынша тоқтатыла тұрады. Егер олар Сіз тапсырыс берген Өнімдерді жеткізуге әсер етсе, біз жаңа жеткізу күнін белгілейміз.

  15. БАСҚА

    1. Сіз Өнімдердің қайсысын болмасын қандай да бір үшінші тарапқа сата алмайсыз. Егер бізге Сіздің Өнімні үшінші тарапқа сатқаныңыз немесе сатуға тырысқаныңыз мәлім болса, біз, қалауымызша, Сізден әрі қарай тапсырыс беруден бас тарта аламыз және/немесе есептік жазбаңызды жоя аламыз.

    2. Осы Шарттар және онда тікелей көрсетілген кез-келген құжат Сіз бен біз арасындағы толық келісім болып табылады және Өнімді жеткізуге қатысты барлық бұрынғы мәлімдемелердің және барлық бұрынғы шарттар мен ережелердің орнын басады.

    3. Егер осы Шарттардың бірі Қазақстан Республикасы сотымен заңсыз, жарамсыз немесе қуыным күші толығымен немесе ішінара жоқ деп танылатын болса, мұндай жайт қалған Шарттардың жарамдылығына әсер етпейді, олар бұрынғыша өз күшінде болады және заңмен рұқсат етілген толық көлемде орындалуы тиіс болады.

    4. Егер біз Сіздің міндеттемелеріңізді осы Шарттарға сай орындауыңызға көндіре алмасақ немесе егер өзіміздің Сізге қарсы құқықтарымызды кешіктірсек немесе жүзеге асырмасақ, осы жайт Сізге қарсы құқықтарымыздан бас тартқанымызды білдірмейді және Сіздің міндеттемелеріңізді орындауымыңызға болатынын білдірмейді.

    5. Біз өз құқықтарымызды және міндеттерімізді осы Шарттарға сай тобымыздағы кез-келген компанияға Сізден қосымша келісім алусыз бере және шегіне аламыз. Сіз осы Шартттарға сай иелегенге қанадй да бір құқықтарыңызды немесе міндеттемелеріңізді кез-келген басқа тарапқа біздің алдын-ала жазбаша келісімімізсіз тағайындай немесе бере алмайсыз.

    6. Осы Шарттар тек Сіз бен біз арасында ғана әрекет етеді. Тобымыздың компанияларына қатысты жағдайларды қоспағанда, ешбір басқа тұлға осы Шарттардың кез-келгенін сақтауды талап ете алмайды.

    7. Біз Сіз көрсеткен электронды поштаға ескерту хаттар және басқа да хабарламалар жіберіп тұрамыз. Сізге барлық ескерту хаттарды және басқа да хабарламаларды 2-тармақта көрсетілген байланыс тәсілдерінің бірін пайдалана отырып жіберген жөн. Электронды пошта немесе Кері байланыс үлгісі арқылы жіберілген кез-келген ескерту хаттар жіберілген уақыттан бастап 24 (жиырма төрт) сағат өткенде алынды деп саналады. Сайта біздің атымыздан пайда болатын кез-келген ескерту хаттар, басқасы көрсетілмесе, Сіз Сайтта келесі рет пайдаланғанда алынде деп есептелетін болады.

    8. Біз осы Шарттарды кез-келген уақытта өзгерте, жаңарты немесе қайта қарай аламыз. Шарттарға енгізілген кез-келген өзгертулер Шарттарға енгізілген өзгерістер Сайтымызда жариялаған күні рәсімделген барлық тапсырыстарға, сонымен қатар, осындай күннен кейін рәсімделген барлық тапсырыстарға қатысты қолданылатын болады. Сіздің міндетіңіз болып Сайттағы шарттардың соңғы нұсқасын оқып шыққаныңызға және оларды қабылдағаныңызға көз жеткізу табылады.

    9. «БРИТИШ АМЕРИКАН ТОБАККО КАЗАХСТАН ТРЕЙДИНГ» ЖШС Сіздің құқықтарыңыз бен заңды мүдделеріңізді бұзған жағдайда Сіз тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органға немесе төмендегі байланыс деректер бойынша тұтынушылардың дауларын сотқа дейін реттеу субъектілеріне немесе сотқа жүгінуге құқылысыз.

      Уәкілетті органның ресми сайты: https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-kzpp/contacts?lang=ru

      Тұтынушылардың дауларын сотқа дейін реттеу субъектілерінің тізбесі: https://online.zakon.kz/Document/?doc_id=38242209&pos=30;-49#pos=30;-49


law_pic

Бұл құрылғы денсаулығыңызға зиян келтіруі мүмкін және тәуелділік тудыратын қыздырылатын темекі таяқшаларымен бірге пайдалануға арналған. Осы темекі бұйымы денсаулығыңызға зиян тигізуі мүмкін және тәуелділік тудырады.
Бұл веб-сайтта көрсетілген ақпарат пен суреттер «БРИТИШ АМЕРИКАН ТОБАККО ҚАЗАҚСТАН ТРЕЙДИНГ» ЖШС никотині бар бұйымдарының тіркелген тұтынушыларына ғана арналған

limit