Шылымның орнына балама өнім іздеп жүрсіз бе?
Шылым шегуден толығымен бас тартқысы келмейтіндер үшін зияны азырақ балама бар: glo™ темекі қыздыру құрылғысы*
Шылым шегуден бас тартқысы келмейтін, бірақ никотинді тұтынудың басқа әдістерін байқап көргісі келетіндер үшін шылымға жақсы балама бар: glo™ темекі қыздыру құрылғысы. Темекіге осындай баламаға қатысты сұрақтарыңыз көп болуы мүмкін. Уайымдамаңыз: белгісіздік — әрбір жаңа бастаманың бір бөлігі, glo™ темекі қыздыру құрылғысына ауысу да дәл солай, осы мақаладан барлық сұрақтарыңызға жауап таба аласыз.
Қазір шылым шегуге көптеген балама өнімдер бар. 21 жастан асқан, шылым шегуден бас тартқысы келмейтін, бірақ шылымға зияны азырақ балама іздеп жүргендер үшін сондай баламалардың бірі қыздырылатын темекі бұйымдары болмақ.
glo™ темекі қыздыру құрылғыларымен бірге пайдаланылатын темекi бұйымдары темекiден жасалады. Шылымға қарағанда, glo™ темекіні жағудың орнына қыздырып, түтіннің орнына аэрозоль түзеді, сондықтан тұтынушылар түтінмен дем алмайды.
Кәдімгі шылымды толығымен қыздырылатын темекі бұйымдарымен ауыстырса, шылым шегумен салыстырғанда қауіп-қатер азырақ болуы мүмкін.
Сонымен қатар айнала түтін болмайды, демек, айналадағы ауа мен қоршаған ортаға әсері аз болады. Оған қоса мәліметтер көрсетіп отырғандай, қыздырылатын темекі бұйымдарын қолдану шылым шегумен салыстырғанда тісті азырақ бояйды және жылтыр қабығын азырақ қарайтады.
Сонымен шылым шегуден мүлдем бас тарту қиынға соғатын кейбір тұтынушылар үшін glo™ темекі қыздыру құрылғысына көшу темекі дәмін татуға мүмкіндік береді, сонымен бірге шылым түтініне қарағанда шығарындылар 90-95%-ға азырақ болады.
Шылым шегуден бас тартқысы келмейтіндер үшiн толығымен қыздырылатын темекi бұйымдарына көшу шылым шегуге зияны азырақ балама бола алады.
Шылым шегуге ең жақсы балама – шылым шегуден бас тарту
Темекі қыздыру құралдары және glo™ темекі қыздыру құрылғысы шылым шегуді тоқтатуға арналмаған. Егер шылым шегудің денсаулыққа тигізетін әсері алаңдатса, ең дұрысы — шылым шегуден мүлдем бас тарту. Көптеген қоғамдық денсаулық сақтау саласының мамандары шылым шегуден бас тартқысы келетіндер немесе шылым шегуді азайтқысы келетіндер үшін алғашқы қадам сол туралы саналы шешім қабылдау екенін көп айтады. Шылым шегуден біржолата бас тарту сөз болғанда ерік-жігер негізгі фактор болып табылады. Шылым шекпесеңіз, онда тіпті бастамаңыз.
Темекі қыздыру құрылғысына көшу шылым шегуден бас тартуға көмектесе ала ма?
glo™ шылым шегуден бас тартуға арналған құрылғы болып табылмайды және шылым шегушілерге шылым шегуден бас тартуға көмектеспейді.
glo™ темекі қыздыру құрылғысына ауысқанда шылым шегуден мүлдем бас тартудың орнына не күтуге болады?
Темекіні қыздыратын барлық құрылғылар сияқты, glo™ түтін шығармайды, құрамында никотин бар аэрозоль түзеді, шылымға балама ретінде пайдалануға болады. Кәдімгі шылым сияқты темекіні жағудың орнына glo™ темекіні қыздырады, сөйтіп жоғары температурада жану кезінде бөлінетін шығарындыларды едәуір азайтады. glo™ темекі қыздыру құрылғысы neo™, KENT™, Vogue™** темекі таяқшаларын қыздыру үшін қолданылатын қайта қуатталатын құрылғы болып табылады. Құрылғы темекіні 300°С-қа дейін қыздырады. Осылайша glo™ темекі қыздыру құрылғыларын қолданғанда темекі жанбайды. Темекіні жағудың орнына қыздыру нәтижесінде кәдімгі шылыммен салыстырғанда шығарындылар шамамен 90-95%-ға азаяды.
Кәдімгі шылымнан glo™ темекі қыздыру құрылғысына және бұйымдарына ауысқанда күнделікті әдет-дағдылар бұрынғыша қалады. Темекіні қыздыру құрылғысына ауыссаңыз, үйреншікті әдеттеріңізден бас тартудың қажеті жоқ.
*Осы құрылғы денсаулыққа зиян тигізуі мүмкін және тәуелділік тудыратын қыздырылатын темекі таяқшаларымен бірге қолдануға арналған.
**Осы құрылғы денсаулыққа зиян тигізуі мүмкін және тәуелділік тудырады.