Қазақстанда темекі зиянын азайту мүмкіндігі

Темекі зиянын азайту (THR) 21 жастан асқан, темекіні тастамауды шешкен шылым шегушілерді қауіп-қатері аз болуы ықтимал никотин көздерімен қамтамасыз етуді жақтайтын стратегия болып табылады. Осыған байланысты THR шынымен де құнды құрал болуы мүмкін.

Яғни, темекі тартуды жалғастыра беретін 21 жастан асқан шылым шегушілер арасында хабардарлықты арттыра алады деген сөз. Күн санап көбейіп келе жатқан зерттеулер осындай өнімдерді пайдалану 21 жастан асқан шылым шегетіндердің көпшілігіне темекіні тастауға және темекі тартуға байланысты туындайтын аурулар төндіретін қатерді ықтимал азайтуға көмектесетінін көрсетеді.

Мысалы, бір зерттеу көрсеткендей, жағудың орнына қыздыру қолданылатын (heat-not-burn - HNB) өнімдерде темекіге тән нитрозаминдер (TSNA) концентрациясы кәдімгі шылым құрамындағы концентрацияның бестен бір бөлігін, ал көміртегі тотығы (СО) жүзден бір бөлігін құрайтынын көрсетті. Әдебиетке жүйелі шолу сонымен қатар HNB өнімдерінде дәстүрлі темекі өнімдерімен (шылыммен) салыстырғанда «зиянды және ықтимал зиянды токсиндер деңгейі кемінде 62%-ға және қатты бөлшектердің деңгейі кемінде 75%-ға төмен» екенін көрсетті.

Алайда жаһандық қоғамдық пікір зерттеу нәтижелеріне сәйкес келмейтін сияқты. Нарықтық зерттеулер мен консалтинг саласындағы халықаралық көшбасшы болып саналатын Ipsos компаниясы 28 елдегі 27 000 шылым шегуші арасында жүргізген ауқымды халықаралық сауалнамада бүкіл әлемдегі шылым шегушілердің 74%-ы баламалы өнімдер шылым шегумен бірдей зиянды деп есептейтінін анықтады.

BAT компаниясы THR стратегиясын темекіден бас тартпауды шешкен 21 жастан асқан шылым шегушілерге әлдеқайда қауіпсіз боулы мүмкін никотин көздерін ұсыну шешімі ретінде жақтайды. Зерттеулер көрсеткендей, балама өнімдер денсаулыққа төнетін қауіпті азайтуы мүмкін.

*Нақты мәліметтердің жиынтығы негізінде және шылым шегуден толығымен бас тартқан жағдайда. Бұл өнімдер қауіпсіз емес және тәуелділік тудырады.