Сату шарттары мен ережелері
1. КІРІСПЕ
Осы Сату ережелері мен шарттары (бұдан әрі – «Шарттар») онда көрсетілген бүкіл ақпаратпен және құжаттармен бірге «БРИТИШ АМЕРИКАН ТОБАККО КАЗАХСТАН ТРЕЙДИНГ» ЖШС өнімін, атап айтқанда, темекі қыздыру құрылғыларын және қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды (бұдан әрі – «Өнімі» немесе «Өнімдер») Сізге осы сайт («Сайт») арқылы сатуымызды реттейді.
Өтінеміз, тапсырысты рәсімдемес бұрын осы Шарттарды, әсіресе біздің жауапкершілігімізді шектеу туралы тармақты мұқият оқып шыққаныңызға көз жеткізіңіз.
Сайтымыз арқылы Өнімге тапсырыс бергенде Сіз осы Шарттармен келісесіз және оларды қабылдайсыз. Сіз осы Шарттардың көшірмесін басып шығара аласыз немесе кейін пайдалану үшін сақтап қоя аласыз.
Тіркелу және Өнімдерді Сайт арқылы сатып алу үшін Сіздің жасыңыз 21 (жиырма бір) және одан жоғары болуы тиіс, әрі Сіздің ҚР аумағында тіркелген пошта мекенжайыңыз болуы тиіс.
Біз осы Шарттарды ара-тұра жаңартып тұруымыз мүмкін. Өнімге тапсырыс берген сайын сол мезетте қолданылатын ережелерді түсінетініңізге көз жеткізу үшін, өтінеміз, осы Шарттарды тексеріңіз.
Сайтымызды пайдалану Сайтты пайдалану шарттарымен реттеледі. Өтінеміз, оларды оқып шығыңыз, себебі, онда Сіз осы Сайтқа кірген сайын қолданылатын маңызды ережелер баяндалған.
2. БІЗ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ
glo™ темекі қыздыру құрылғысы Ұлыбританияда орналасқан және «Бритиш Американ Тобакко» компаниясының "Nicoventures" бөлімшесіне кіретін "Nicoventures Trading Ltd" компаниясымен өндіріледі.
Осы Сайттағы тауарларды «БРИТИШ АМЕРИКАН ТОБАККО КАЗАХСТАН ТРЕЙДИНГ» ЖШС (Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, 050010, Қабанбай батыр көшесі, 47) сатуға ұсынады.
Сіз бізбен ұялы телефоннан glo қолдау қызметінің 5757 нөмірі арқылы хабарласа аласыз немесе info@myglo.kz поштасына хат жолдай аласыз. Біз әрдайым қуана көмектесеміз.
3. БІЗДІҢ ӨНІМДЕР
Сайттағы Өнімдердің сипаттамасы Өнімдердің іс жүзіндегі қаисеттерінен өзгеше болуы мүмкін. Назар аударыңыз, Сайттағы Өнім сипаттамасы және Сіз алған Өнім арасында болмашы айырмашылықтар болуы мүмкін. Тапсырыс бермес бұрын Сайтта Өнімнің сипаттамасын тексеріп алғаныңызға көз жеткізіңіз.
4. ҚАЛАЙ ТАПСЫРЫС БЕРУГЕ БОЛАДЫ
Біз тек 21 (жиырма бір) жастан асқан, Қазақстанда тіркелген тұрақты мекенжайы бар Қазақстан Республикасы азаматтарынан және Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетел азаматтарынан ғана тапсырыс қабылдаймыз.
Өнімге тапсырысты Сайтта тіркелу арқылы бере аласыз. Сіз тапсырысты өнімнің ақысын жеткізіп бергенде төлеу мүмкіндігімен рәсімдей аласыз.
Сіз Өнімге тапсырысты Сайттағы онлайн тапсырыс беру үлгісінің көмегімен рәсімдей аласыз. Сайтта тапсырыс жасау бойынша нұсқаулық, сонымен қатар, тапсырысты жіберу алдында туындаған қателерді тексеру және түзету мүмкіндігі қарастырылған. Сіздің тапсырысыңыз рәсімдеу аяқталарда «Тапсырыс беру» батырмасын басқанда бізге беріледі. Сіздің тапсырысыңыз өнімді сатып алу туралы ұсыныс болып табылады.
Сіз тапсырыс жасағаннан кейін біздің қызметкер Сізге қоңырау шалып, жеткізу шарттарын нақтылайды. Жеткізу шарттары нақтыланғаннан кейін тапсырысыңыз қабылданады.
Біз төлемді алғанға дейін кез-келген уақытта ешқандай себепсіз кез-келген тапсырысты қабылдамауға құқығымыз бар. Тапсырысты қабылдаудан бас тартқан жағдайда біз Сізге қабылданған шешім туралы мүмкіндігінше тезірек хабарлаймыз және осы Сайтта тіркелу кезінде көрсеткен телефон нөміріңіз немесе электрондық поштаңыз арқылы Сізбен байланысамыз.
Біз сайтта ұсынылған барлық Өнімдердің бар болуына кепілдік бермейміз. Егер Сіз тапсырыс берген Өнім жоқ болып қалса, біз Сізге сол туралы электрондық пошта арқылы немесе өзге тәсілмен мүмкіндігінше жылдам хабарлаймыз және тапсырысыңызды әрі қарай өңдеуді тоқтатамыз.
Тапсырыс бере отырып, Сіз тапсырыс бергенде келісім-шарттық қарым-қатынастарға енуге құқықтық жағынан қабілетті екеніңізге кепілдік бересіз.
Біз Өнімді жібергенге дейін, соның ішінде біз Сіздің тапсырысыңызды қабылдағаннан кейін Сіз осы Шарттарды бұзсаңыз, Өнім Сізге жеткізілмейді.
5. БАҒАЛАР
Барлық бағалар теңгемен көрсетілген және ҚҚС қосылған. Жеткізу құны тапсырыс берген сәтте көрсетіліп, Сіз тапсырысты растағанға дейін сатып алу бағасына қосылатын болады.
Сайтта көрсетілген Өнім бағасы тапсырысыңыз қабылданған күні жарамды болады. Баға кез-келген уақытта, алдын-ала ескертусіз өзгертілуі мүмкін, бірақ, өзгерістер біз қабылдап қойған тапсырыстарға әсер етпейді.
Дегенмен, егер ҚҚС мөлшерлемесі тапсырыс беру күні мен жеткізу күні арасында өзгерсе, біз, егер Сіз тапсырысты ҚҚС өзгерістері күшіне енгенге дейін толығымен төлеп қоймасаңыз, Сіз төлейтін ҚҚС сомасын түзететін боламыз.
Біз қанша күш салғанмен, Өнім бағасы сайтта дұрыс көрсетілмеуі мүмкін. Егер біз Сіз тапсырыс берген Өнім бағасынан қате тапсақ, Сізге сол туралы хабарлаймыз және тапсырысты дұрыс бағамен рәсімдеуге немесе тапсырысты алып тастауға мүмкіндік береміз. Егер Сіз бізге 7 (жеті) жұмыс күні ішінде жауап бермесеңіз, тапсырыс алынып тасталды деп есептеледі, ал біз Сізге сол туралы хабарлаймыз.
6. ҚАЛАЙ ТӨЛЕУ КЕРЕК
Сіз Өнім құнын қолма-қол ақшамен немесе банк картасымен Өнімді алған кезде төлей аласыз. Төлем жүйесі тысқары мердігермен басқарылады. Сіздің төлем жүйесін пайдалануыңыз сол мердігердің шарттарымен және ережелерімен реттеледі. Төлем жүйесін пайдаланбас бұрын сол ережелер мен шарттарды оқып шыққаныңызға және олармен келісетініңізге көз жеткізуіңіз тиіс.
Егер төлем қолма-қол ақшамен немесе банк картасымен жасалса, жеткізу үшін жауапты тысқары мердігер Өнімді сатып алуды растайтын тиісті құжатты ұсынады.
7. ЖЕТКІЗУ ЖӘНЕ ЖӨНЕЛТУ
Өнім тек Қазақстанда орналасқан пошта мекенжайларына ғана жеткізіледі.
Мүмкіндігінше, бірақ міндетті емес, біз Сайтымызда болжалды жөнелту кестесін көрсетеміз. Назар аударыңыз, сайтта көрсетілген жөнелту кестесі болжалды болып табылады; оған кепілдік берілмейді. Біз Сіз көрсеткен электрондық поштаға тапсырысыңыз жөнелтілгенін растайтын хат жібереміз. Біз Өнім көрсетілген күні жеткізілетініне кепілдік бермейміз, Сіздің де сондай күнге сенім артпағаныңыз абзал.
Өнім Сіз тапсырыста көрсеткен мекенжайға жеткізілгеннен кейін бірден Сіздің жауапкершілігіңізге өтеді.
Біз Сізден төлемді толық көлемде алғаннан кейін Сіз Өнімді өз қолданысыңызға аласыз.
8. СІЗДІҢ ШАРТТЫ БҰЗУ ҚҰҚЫҒЫҢЫЗ
Сіз Өнімді табыстауға дейін және табыстаудан кейін 14 он төрт күн ішінде кез-келген уақытта одан бас тарта аласыз. Тиісті сападағы тауар пайдаланылмаса, тауарлық түрі, тұтынушылық қасиеттері, пломбалары, затбелгілері, сонымен қатар, оны сатып алуды растайтын құжат сақталса ғана кері қайтарыла алады. Егер тауарды сатып алуды растайтын құжат жоғалса немесе қандай да бір себептермен тұтынушыға берілмесе, бірақ тұтынушы Тауарды сатып алғанын дәлелдесе, тауарды айырбасталуы немесе қайтарылуы тиіс. Егер тауар сапасы лайықсыз болып шықса, өтінеміз, бізге ұялы телефоннан қолдау қызметінің 5757 нөмірі арқылы немесе info@myglo.kz поштасына хат жолдау арқылы хабарлаңыз.
Қолданыстағы заңнамамен рұқсат етілген шеңберде Сіздің келісім-шартты бұзу құқығыңыз біздің тапсырысыңызды қабылдағанымызды растайтын электронды хат алған сәттен басталады – сол сәтте Сіз бен біз арасында келісім-шарт жасалады. Сіз аталмыш келісім-шартты 14 (он төрт) күн ішінде қолданыстағы заңнамамен рұқсат етілген шеңберде бұза аласыз. Келісім-шартты бұзу мерзімі Сіз тауарды іс жүзінде алған күннен бастап 14 (он төрт) күннен кейін бітеді.
Келісім-шартты бұзу үшін Сіз бізге жазбаша ескерту хат жолдауыңыз тиіс. Сіз оны поштамен хат жіберу немесе info@myglo.kz поштасына электронды хат жіберу арқылы жолдай аласыз. Егер Сіз myglo.kz сайтындағы онлайн үлгіні толтырып, жіберуді шешсеңіз, біз Сізге үлгіңізді кешіктірмей қабылдағанымызды растайтын электрондық хат жібереміз. Келісім-шартты бұзу мерзімінен аспау үшін Сізге осындай мерзім аяқталғанға дейін келісім-шартты бұзғыңыз келетіні туралы ескерту хат жолдау қажет. Өтінеміз, келісім-шартты бұзу туралы ескерту хатының көшірмесін жазбаларыңызда сақтап қойыңыз.
Сіз келісім-шартты бұзған жағдайда Өнім үшін төленген соманы толығымен қайтарып аласыз, бұл ретте, жеткізу қызметін көрсету құны Өнімді керу қайтару кезінде қолма-қол ақшамен шегерілуі мүмкін. Біз Өнімді кері қайтаруды кідіріссіз және кез-келген уақытта келесі мерзімдерден кешіктірмей өңдейміз: (а) Сізден Өнімді алған күннен бастап 14 (он төрт) күн немесе (b) егер біз Сізге Өнімді жеткізбесек, Сізден келісім-шартты бұзу туралы ескерту хатын алған күннен кейін 14 (он төрт) күн. Біз Өнімді Сізден қайтарып алмайынша немесе Сіз Өнімнің бізге қайтарылғанын дәлелдемейінше (қайсысы ертерек орны алатынына қарай), қаражатты қайтаруды кешіктіре аламыз.
9. ШАҒЫМДАР ЖӘНЕ АҚАУЛЫ ӨНІМДЕРДІ КЕРІ ҚАЙТАРУ
Егер Өнім сапасына қатысты қандай да бір шағымдарыңыз болса, өтінеміз, бізге info@myglo.kz электрондық поштасы арқылы немесе осы Шарттарда көрсетілген мекенжай бойынша хабарласыңыз. Біз кез-келген шағымдарды мүмкіндігінше 14 (он төрт) күн ішінде өңдеуге тырысамыз.
Егер Сізге жеткізілген Өнім зақымдалған немесе ақаулы болса, өтінеміз, жоғарыдағы 2.1-тармағында көрсетілген байланыс мәліметтері арқылы бізге мүмкіндігінше жылдам хабар беріңіз. Сіз, қаласаңыз, зақымдалған немесе ақаулы өнімді қабылдамауға құқылысыз.
Біз кері қайтарылған Өнімді алғанда біз Өнімнің біздің пікірімізше ақаулы екенін немесе ақаулы емес екенін анықтау үшін тексеруге құқылымыз.
Егер біз Өнімде кепілдік жағдайына жататын ақау бар екенімен келіссек, біз Сізге Өнімнің толық құнын қайтарамыз немесе ақаусыз Өнімге айырбастаймыз.
Біз Сіздің Өнім құнын қайтарып алуға құқылы екеніңізге көз жеткізген соң, қаражатты қайтаруды мүмкіндігінше жылдам және Сіздің қаражатты қайтаруға құқылы екеніңіз расталған сәттен бастап 14 (он төрт) күннен кешіктірмей өңдеу үшін бар күшімізді саламыз. Сіз сатып алу тәсіліне қарай қаражатты қолма-қол ақшамен немесе қолма-қол ақшасыз қайтарып аласыз.
10. ЕСЕПТІК ЖАЗБА АШУ
Сіз Өнімді сатып алуға тапсырысты Сайтта есептік жазба ашу арқылы бере аласыз. Есептік жазба ашу туралы өтініш қалдыру үшін, өтінеміз, Сайттағы нұсқауларды орындаңыз. Біз Сіздің есептік жазба ашу туралы өтінішіңізді мақұлдауға қатысты шешімді өз қалауымызша қабылдауға құқылымыз.
Сайтта есептік жазба ашу үшін Сіз 21 (жиырма бір) жастан асқан, Қазақстанда тіркелген тұрақты мекенжайы бар Қазақстан Республикасы азаматы немесе Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетел азаматы, сонымен қатар темекі/құрамында никотин бар бұйымдардың тұтынушысы болуыңыз тиіс.
Әр пайдаланушы тек бір есептік жазба аша алады.
Есептік жазба ашу кезінде біз Сізден атыңыз, тегіңіз, ЖСН, телефон нөміріңіз, электрондық поштаңыз, және жеке тұлғаңызды куәландыратын құжатыңыз көрсетілген нақты ақпаратты беруіңізді сұраймыз. Сіздің электрондық поштаңыз Сіз Сайтты пайдаланғанда жеке тұлғаңызды анықтау үшін қолданылады. Егер Сіз жұмыс істемейтін электрондық поштаңызды көрсетсеңіз, есептік жазбаңызды жоюға құқылымыз. Сіздің тапсырысыңыз Сіз көрсеткен пошта мекенжайына жөнелтіледі. Біз толық емес немесе дұрыс емес мекенжай беру нәтижесінде алынбаған тапсырыстар үшін жауапты емеспіз. Сіз берілген ақпарат шынайы, нақты және толық екеніне кепілдік бересіз және осындай ақпараттың қандай да бір бөлігі өзгерсе, дереу бізге хабарлайсыз.
Есептік жазбаңызды пайдалану үшін Сізге кілтсөз таңдау керек. Сіз кілтсөзіңіздің құпия сақталуына толығымен жауаптысыз және кілтсөзді қауіпсіз сақтай алмауыңыздың нәтижесінде есептік жазбаңызға бөтен біреудің заңсыз кіруінен туындаған кез-келген нұқсан немесе шығын үшін жауапты боласыз. Біз Сізге «сенімді» (әріптер мен сандардан құралған) кілтсөз пайдалануға кеңес береміз. Сіз кілтсөзіңіз немесе есептік жазбаңыз заңсыз пайдаланылса немесе заңсыз пайдаланылуы мүмкін болса, дереу бізге хабарлауға міндеттісіз.
11. ЕСЕПТІК ЖАЗБАҢЫЗДЫ ЖОЮ
Біз кез-келген уақытта және кез-келген себеппен, алдын-ала ескертусіз Сіздің есептік жазбаңызды уақытша істен шығара аламыз немесе жоя аламыз.
Сіз есептік жазбаңызды кез-келген уақытта және кез-келген себеппен info@myglo.kz электрондық поштасы немесе есептік жазбаңыз арқылы бізбен хабарласып, жоя аласыз. Сіздің міндеттеріңізге есептік жазбаның иесі екеніңіздің барлық қажетті дәлелдерін ұсыну кіреді.
12. ДЕРЕКТЕРДІ ҚОРҒАУ
Сіз бізге Сайт арқылы ұсынатын кез-келген дербес деректер тек осы Шарттарға және дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім беру шарттарына сай пайдаланылатын болады. Өтінеміз, жалғастырмас бұрын аталған құжаттарды оқып шыққаныңызға көз жеткізіңіз.
Бізге дербес деректеріңізді бере отырып, Сіз олардың осы Шарттарға және дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім беру шарттарына сай пайдаланылатына келісіміңізді бересіз.
13. ЖАУАПКЕРШІЛІК
Сіз біздің (соның ішінде біздің бас компаниямыздың, еншілес компанияларымыздың, филиалдарымыздың, лауазымды тұлғаларымыздың, директорларымыздың, агенттеріміздің және қызметкерлеріміздің) Сіздің алдыңызда келісім-шарттар бойынша немесе заң бұзушылық (соның ішінде, немқұрайдылық) салдарынан немесе өзге жолмен келесілер үшін жауапты болмайтынымызды түсінесіз және келісесіз: (а) пайдадан немесе іскерлік беделден айырылу; (b) деректерден айырылу; (c) материалдық емес шығындар; немесе (d) осы Шарттарға немесе Сіздің Сайтты пайдалануыңызға немесе пайдалана алмауыңызға, немесе егер тіпті шығын келтірілуі мүмкін екені туралы бізге ескертсеңіз де, осы Сайттың мазмұнына сенім артуыңызға байланысты туындаған кез-келген жанама, кездейсоқ, арнаулы және ілеспе шығындар.
Қолданыстағы заңнамамен рұқсат етілген шеңберде, осы Шарттарда айқын көрсетілген жағдайларды қоспағанда, осы Сайтта қолжетімді біздің Өнімге қатысты барлық кепілдіктер мен шарттар, айқын көрсетілген болсын, заңмен немесе өзге жолмен меңзелген болсын, ескерілмейді.
Осы Шарттардың ешқайсысы Өнімнің құрылымдық, рецептілік немесе басқа да ақауларына немесе Өнім туралы толық емес, шынайы емес немесе уақытылы емес ақпаратқа байланысты Сіздің өміріңізге, денсаулығыңызға және (немесе) мүлкіңізге келтірілген зиян үшін, сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шектеуге немесе алып тастауға болмайтын өзге де міндеттемелер үшін біздің жауапкершілігімізді шектемейді немесе жоққа шығармайды.
14. ФОРС-МАЖОР
Біз бақылауымыздан тыс кез-келген жағдайлардан, соның ішінде, бірақ аталатындармен шектелмей, төменде көрсетілген жағдайлардан туындаған осы Шарттарға сай қандай да бір міндеттемелерімізді орындау кезінде кез-келген бас тартудан немесе кешіктіруден тікелей немесе жанама орын алған Сіздің шығындарыңыз, зардаптарыңыз және шығыстарыңыз үшін ешбір жағдайда жауапты болмаймыз: вандализм, жазатайым оқиға, машиналардың немесе құрал-жабдықтың сынуы немесе зақымдалуы, өрт, топан су, табиғат апаттары, ереуіл, басып алу және басқа да өнеркәсіптік дау-дамайлар (біздің қызметкерлер қатысатынына немесе қатыспайтынына тәуелсіз), тапсырысты қабылдау кезінде қолданыстағы нарықтық мөлшерлемелерден материалдар немесе жанар-жағармай жетіспеушлігі, заңнамалық немесе әкімшілік араласу.
Сіздің алдыңыздағы міндеттемелерімізді орындауға әсер ететін жағдайлар туындағанда біз Сізге ең қысқа мерзім ішінде сол туралы хабарлаймыз: міндеттемелеріміздің мерзімі туындаған жағдайлар жойылмайынша тоқтатыла тұрады. Егер олар Сіз тапсырыс берген Өнімді жеткізуге әсер етсе, біз жаңа жеткізу күнін белгілейміз.
15. БАСҚА
Сіз Өнімнің қайсысын болмасын қандай да бір үшінші тарапқа сата алмайсыз. Егер бізге Сіздің Өнімді үшінші тарапқа сатқаныңыз немесе сатуға тырысқаныңыз мәлім болса, біз өз қалауымызша Сізден әрі қарай тапсырыс қабылдаудан бас тарта аламыз және/немесе есептік жазбаңызды жоя аламыз.
Осы Шарттар және онда тікелей көрсетілген кез-келген құжат Сіз бен біз арасындағы толық келісім болып табылады және Өнімді жеткізуге қатысты барлық бұрынғы мәлімдемелердің және барлық бұрынғы шарттар мен ережелердің орнын басады.
Егер осы Шарттардың бірі Қазақстан Республикасы сотымен заңсыз, жарамсыз немесе қуыным күші толығымен немесе ішінара жоқ деп танылатын болса, мұндай жайт қалған Шарттардың жарамдылығына әсер етпейді, олар бұрынғыша өз күшінде болады және заңмен рұқсат етілген толық көлемде орындалуы тиіс болады.
Егер біз Сізді өз міндеттемелеріңізді осы Шарттарға сай орындауыңызға көндіре алмасақ немесе егер өзіміздің Сізге қарсы құқықтарымызды жүзеге асыруды кешіктірсек немесе жүзеге асырмасақ, осы жайт Сізге қарсы құқықтарымыздан бас тартқанымызды білдірмейді және Сіздің міндеттемелеріңізді орындамауыңызға болатынын білдірмейді.
Біз өз құқықтарымызды және міндеттерімізді осы Шарттарға сай тобымыздағы кез-келген компанияға Сізден қосымша келісім алусыз бере және шегіне аламыз. Сіз осы Шартттарға сай иелеген құқықтарыңызды немесе міндеттемелеріңізді кез-келген басқа тарапқа біздің алдын-ала жазбаша келісімімізсіз тағайындай немесе бере алмайсыз.
Осы Шарттар тек Сіз бен біз арасында ғана әрекет етеді. Тобымыздың компанияларына қатысты жағдайларды қоспағанда, ешбір басқа тұлға осы Шарттардың кез-келгенін сақтауды талап ете алмайды.
Біз Сіз көрсеткен электрондық поштаға ескерту хаттар және басқа да хабарламалар жіберіп тұрамыз. Сізге барлық ескерту хаттарды және басқа да хабарламаларды 2-тармақта көрсетілген байланыс тәсілдерінің бірін пайдалана отырып жіберген жөн. Электрондық пошта немесе Кері байланыс үлгісі арқылы жіберілген кез-келген ескерту хаттар жіберілген уақыттан бастап 24 (жиырма төрт) сағат өткенде алынды деп саналады. Сайта біздің атымыздан жарияланатынн кез-келген ескерту хаттар, басқаша көрсетілмесе, Сіз Сайтты келесі рет пайдаланғанда алынды деп есептелетін болады.
Біз осы Шарттарды кез-келген уақытта өзгерте, жаңарта немесе қайта қарай аламыз. Шарттарға енгізілген кез-келген өзгертулер Шарттарға енгізілген өзгертулер Сайтымызда жариялаған күні рәсімделген барлық тапсырыстарға, сонымен қатар, осындай күннен кейін рәсімделген барлық тапсырыстарға қатысты қолданылатын болады. Сіздің міндетіңіз болып Сайттағы шарттардың соңғы нұсқасын оқып шыққаныңызға және оларды қабылдағаныңызға көз жеткізу табылады.
«БРИТИШ АМЕРИКАН ТОБАККО КАЗАХСТАН ТРЕЙДИНГ» ЖШС Сіздің құқықтарыңыз бен заңды мүдделеріңізді бұзған жағдайда Сіз тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органға немесе төмендегі байланыс деректері бойынша тұтынушылардың дауларын сотқа дейін реттеу субъектілеріне немесе сотқа жүгінуге құқылысыз.
Уәкілетті органның ресми сайты: https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-kzpp/contacts?lang=ru
Тұтынушылардың дауларын сотқа дейін реттеу субъектілерінің тізбесі: https://online.zakon.kz/Document/?doc_id=38242209&pos=30;-49#pos=30;-49