Жеткізу және қайтару
ҚҰРЫЛҒЫНЫ ЖЕТКІЗУ ЖӘНЕ ҚАЙТАРУ glo™
1. ЖЕТКІЗУ
Жеткізу тегін.
"PONY EXPRESS" шабарман қызметі Алматы қаласында дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін және сенбі күндері сағат 9:00-ден 14:00-ге дейін жеткізеді. Басқа бағыттарға дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін.
Жеткізу келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
Пошта индексі | Қала атауы |
160800 | Ақсу (Оңтүстік Қазақстан облысы) |
140100 | Ақсу (Павлодар облысы) |
130000 | Ақтау |
30000 | Ақтөбе |
50000 | Алматы |
10000 | Астана |
60000 | Атырау |
90300 | Ақсай |
100600 | Жезқазған |
100000 | Қарағанды |
20000 | Көкшетау |
110000 | Қостанай |
120000 | Қызылорда |
140000 | Павлодар |
150000 | Петропавл |
111500 | Рудный |
71400 | Семей |
40000 | Талдықорған |
80000 | Тараз |
101400 | Теміртау |
161200 | Түркістан |
90000 | Орал |
70000 | Өскемен |
160000 | Шымкент |
141200 | Екібастұз |
Төлем тапсырысты алғаннан кейін шабарманға қолма-қол төленеді.
2. ҚАЙТАРУ САЯСАТЫ
glo™ темекі қыздыру құрылғысын сату және қайтару Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. 04.05.2010 жылғы «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР Заңының 30-бабының 1-тармағына сәйкес сатушы сапасы жақсы азық-түлік емес тауарларды, егер сондай тауар қолданыста болмаса, тауарлық түрі, тұтынушылық қасиеттері, пломбалары, затбелгілері, сондай-ақ тауарды сатып алуды растайтын құжат сақталған болса, оны 14 күнтізбелік күн ішінде айырбастауды немесе қайтаруды қамтамасыз етуге міндетті.
Егер тиісті сападағы glo™ темекі қыздыру құрылғысы қолданыста болса, ол «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР Заңының 30.1-бабына сәйкес қайтарылуға жатпайды. Қыздырылатын темекісі бар бұйымдардың тұтыну қаптамасы (қорабы) ашылып қойса, мұндай бұйымдар «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР Заңының 30-бабының 1-тармағына сәйкес қайтарылуға жатпайды.
Сайтта сатып алынған тауарларды қайтаруға қатысты сұрақтар бойынша, сондай-ақ glo™ темекі қыздыру құрылғысының жұмысында қандай да бір мәселелер туындаса, келесі нөмір бойынша қолдау қызметінің өкілдеріне хабарласыңыз:
ұялы телефоннан 5757.
Сайтта сатып алынған тауарларды қайтару кезінде Сізге сол тауарларды сатып алғаныңызды растайтын құжатты көрсету керек.
3. НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Кіру мүмкіндігі шектеулі аймаққа жеткізу кезінде (өткізу жүйесі немесе ақылы немесе шектеулі кіру) Сізге кіру рұқсатын алуды және/немесе шабарманның кіру құнын төлеуді қамтамасыз ету керек. Басқа жағдайларда жеткізу тек ақылы немесе шектеулі кіру орнына дейін ғана жүзеге асырылады.
Тауар тек 21 жасқа толған тұлғаларға ғана беріледі. Тауарды алған кезде алушы жеке тұлғасын және жасын растайтын құжатты көрсетуге міндетті.
Тапсырысты алған кезде құрылғы үлгісінің сәйкестігін тексеріңіз, тауардың тапсырысқа сәйкестігін, механикалық зақым жоқтығын, барлық керек-жарағы толықтығын, ілеспе құжаттаманың бар болуын қарап шығыңыз.
Шабараман тапсырысты табыстау орнында 20 минуттан артық күтпейді.
Тауарларды тапсыру тәртібі оларды сынауды және шабарманның сынақ нәтижелерін күтуді қарастырмайды. Тауарды қолданар алдында нұсқаулықты оқып шығуға кеңес береміз.
glo™ құрылғысы алдымен пайдаланушы нұсқаулығын оқып шығуды талап етеді.
Тауар келесі орындарға жеткізілмейді:
Құрылыс алаңдары, вокзалдар, көлік компаниялары, бау-бақша бірлестіктері, цехтер, қоғамдық тамақтандыру нысандары (олардың әкімшілік үй-жайларын қоспағанда), режимдік және құпия нысандар.
Саябақтар, ормандар, жағажайлар немесе тауарлар мен ілеспе құжаттамаларды тапсыру, төлем алу үшін нақты мекен-жайы немесе жағдайы жоқ жерлер, сондай-ақ тауарды тапсыру орнына жету 100 метрден астам болса.
Қатты жабыны жоқ жолдар.
Сатушы: «БРИТИШ АМЕРИКАН ТОБАККО КАЗАХСТАН ТРЕЙДИНГ» ЖШС (Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, A26F8D4, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 240Г)