Дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім беру
Жеке кабинет ашу арқылы сайтта тіркеле отырып, Сіз өз еркіңіз бен мүдделеріңізге сай әрекет етіп, «БРИТИШ АМЕРИКАН ТОБАККО КАЗАХСТАН ТРЕЙДИНГ» ЖШС-не, БСН 030440001818 (Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, A26F8D4, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 240Г) (бұдан әрі – «Компания») Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 мамырдағы "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" № 94-V Заңының 8-бабына сәйкес ұсынылған дербес деректеріңізді төмендегі мақсаттарды орындау үшін келесі шарттармен Компания белгіленген мерзімге жинауға және өңдеуге келісіміңізді бересіз:
- Келісім келесі дербес деректерді жинауға және өңдеуге беріледі:
- ЖСН;
- ТАӘ;
- туған күні;
- телефон нөмірі;
- электрондық пошта мекен-жайы;
- тұрғылықты мекен-жайы
- Сіз берген дербес деректерді, сондай-ақ аудиожазба жүргізу нәтижесінде алынған аудиофайлдарды Компания келесі мақсаттарда өңдей алады (автоматтандыру құралдарын пайдаланумен, сондай-ақ мұндай құралдарды пайдаланусыз дербес деректерді жинау, жазу, жүйелеу, жинақтау, сақтау, өзгерту, толықтыру, пайдалану, тарату, иесіздендіру, бұғаттау және жою, соның ішінде дербес деректерді тарату және дербес деректерді трансшекаралық беру):
- Компания өнімдерін тұтынушылардың ақпараттық дерекқорын қалыптастыру;
- Компанияның, сондай-ақ «Бритиш Американ Тобакко» тобына кіретін басқа компаниялардың тауарлары мен қызметтері туралы ақпарат беру;
- сауалнамалар жүргізу;
- Компанияның іс-шаралары, бағдарламалары мен қызметі туралы ақпарат беру;
- Компанияның ресми сайттарында және өнімдер туралы сайттарында тіркеу/авторизациялау, Компанияның, сондай-ақ «Бритиш Американ Тобакко» тобына кіретін басқа компаниялардың веб-сайттарына, әлеуметтік желілердегі парақшаларына немесе ұялы қосымшаларына, соның ішінде https://myglo.kz/ қолжетімділікті қамтамасыз ету.
- Дербес деректер жалпыға қолжетімді емес.
- Дербес деректерді өңдеуге 2013 жылғы 21 мамырдағы «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» № 94-V ҚР Заңының 7-бабының 1-тармағы негіз болады.
- Дербес деректерді өңдеу кезінде келесі әрекеттер жасалуы мүмкін: жинақтау, сақтау, өзгерту, толықтыру, пайдалану, тарату, иесіздендіру, бұғаттау және жою, жазу, жүйелеу. Сонымен қатар, осы Келісімнің 2-тармағында көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу үшін дербес деректерді өңдеуді үшінші тұлғаларға тапсыруға келісім беріледі.
- Жоғарыда 2-тармақта көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу үшін «Бритиш Американ Тобакко» тобына кіретін заңды тұлғаларға, сондай-ақ «Бритиш Американ Тобакко» тобына кіретін заңды тұлғаларға қызмет көрсететін үшінші тұлғаларға дербес деректерді беруге де келісім беріледі.
- Сіз дербес деректеріңізді Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерге беруге және оларды Қазақстан Республикасынан тыс жерде өңдеуге (трансшекаралық беру), дербес деректеріңізді Компаниямен байланысты тұлғаларға, Компанияның мердігерлері мен қосалқы мердігерлеріне жария етуге және беруге, әрі оларды жалпыға қолжетімді ақпарат көздерінде таратуға келісім бересіз.
- Сіз жасыңызды тексеру және 21 жасқа толғаныңызды растау үшін Компанияның сұратуымен ақпарат пен құжаттардың көшірмелерін беруге келісім бересіз.
- Компания алынған дербес деректерді олардың құпиялылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып өңдеуге құқылы. Ақпаратты өңдеу қағидалары мен шарттары Дербес деректерді өңдеу саясатында баяндалған.
- Сіз кез-келген уақытта осы келісімді кері қайтарып алуға, сонымен қатар кез-келген уақытта Компанияның info@myglo.kz электрондық поштасына өтініш жіберу арқылы немесе Компанияның веб-сайтында тіркелу кезінде көрсеткен дербес деректеріңізді көрсете отырып, A26F8D4, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 240Г мекен-жайына жазбаша өтініш жіберу арқылы дербес деректеріңізді толықтыруға немесе өзгертуге құқылысыз. Дербес деректерді жинау кезінде Компания Қазақстан Республикасының аумағынан тыс орналасқан дерекқорларды пайдалана отырып, дербес деректерді жазуды, жүйелеуді, жинақтауды, сақтауды, нақтылауды (жаңартуды, өзгертуді), шығарып алуды қамтамасыз етеді.
- Жоғарыда аталған мақсаттарда Сізбен байланысқа шығуымызға келісім бересіз және телефон, пошта, электрондық пошта, SMS, MMS, әлеуметтік желілер, мессенджерлер (соның ішінде, бірақ шектелмей, WhatsApp, Viber, Telegram), ұялы қосымшалар, веб-сайттар, өзне ақпараттық жүйелер арқылы қоңырау/байланыс, хабарлама алуға келісім бересіз.
- Сіз берген деректеріңіз шынайы екенін растайсыз.
- Осы келісім дербес деректерді өңдеу тоқтатылғанға дейін барлық уақытта жарамды.