THR және glo ™ рөлін түсіну

Темекі бұйымдарының дамып келе жатқан әлемінде жақсартылған пайдалану тәжірибесін ұсынатын және темекі зиянын азайту (THR) қағидаларына сай келетін баламаларға қызығушылық артып келеді. Осындай инновациялардың бірі бірегей және қайталанбас әсерге бөленуді қамтамасыз ететін Heat-Not-Burn (HNB  жағудың орнына қыздыру) технологиясын пайдаланатын glo™ темекі қыздыру құрылғысы (бұдан әрі «glo™») болып табылады.

Heat-Not-Burn технологиясы деген не?

Heat-Not-Burn технологиясы, аты айтып тұрғандай, темекіні жағудың орнына қыздырады. Осындай маңызды айырмашылық түтін емес, құрамында никотин бар будың түзілуіне әкеледі, сөйтіп әдетте жанумен байланысты зиянды химиялық заттардың үлесін төмендетеді.

Темекі зиянын ықтимал азайту: озық тәсіл

Темекі зиянын азайту (Tobacco Harm Reduction – THR) – темекіні тұтынудың денсаулыққа тигізетін жағымсыз салдарын азайтуға бағытталған халық денсаулығын қорғау стратегиясы. Heat-Not-Burn технологиясын пайдаланатын glo™ сияқты өнімдер зиянды заттардың әсерін азайтатын балама нұсқаларды ұсына отырып, аталмыш стратегияда маңызды рөл атқарады.

Темекі тұтыну зиянын азайтудағы glo™ рөлі

glo™ зиянды химиялық заттардың өндірілуін ықтимал азайтатын темекі тұтыну әдісін ұсына отырып, THR шараларына өз үлесін қосады. Темекіні жағудың орнына қыздыру арқылы glo™ құрылғысында шылымға қарағанда түтінде болатын улы жанама өнімдер азырақ болады. Бұл жаңалық темекі бұйымдарын пайдалануды жалғастыра отырып, денсаулыққа төнетін қауіп азайтқысы келетіндер үшін зияны азырақ өнімдерді ұсынуға бағытталған ауқымды жұмыстың бір бөлігі болып табылады.

Саналы таңдауды қолдау

THR сонымен қатар тұтынушыларға темекіні тұтыну туралы негізді шешім қабылдау үшін нақты ақпарат беруді мақсат етеді. glo™ сияқты өнімдердің артықшылықтары мен механизмдерін түсіну адамдарға қалаған өмір салтының мақсаттарына сай келетін өнімдерді таңдауға мүмкіндік береді.

THR болашағы

Зерттеулер жалғасқан сайын және технологиялар дамыған сайын, THR ауқымы бұрынғыдан да жетілдірілген және тиімді шешімдерді ұсына отырып тек кеңейе береді. glo™ сияқты өнімдерді әзірлеу және енгізу темекіні тұтынудың денсаулыққа тигізетін әсерін айтарлықтай азайтуға болатын болашаққа апаратын жолдағы маңызды қадамдарды білдіреді.

Неліктен THR арасында glo™ орны ерекше?

glo™ қарастырған кезде адамдар THR қарастыруының кейбір себептері:

Зиянды химиялық заттардың әсерінің азаюы

Темекіні жағудың орнына төмен температурада (шамамен 240–245° C ) қыздыру зиянды химиялық заттарды азайтады, бұл темекіні тұтынудың зияны азырақ болуы мүмкін ықтимал әдісін ұсына отырып, Темекі зиянын азайту мақсаттарына сай келеді.

Темекі дәмін сақтау

Темекіні қыздыру арқылы glo™ темекінің табиғи дәм реңктерін сақтайды. Пайдаланушылар көбінесе осы әдіс беретін дәмнің қанықтығы мен одан қанағаттануды жоғары бағалайды.

Иіс азырақ

glo™ қолданудың артықшылықтарының бірі сіңіп қалатын иісті азайту болып табылады. Түзілетін будың иісі түтінмен салыстырғанда әлдеқайда елеусіз, бұл оны әлеуметтік тұрғыдан қолайлы таңдауға айналдырады және қоршаған ортаға тиетін әсерді азайтады.

Қоршаған ортаға қатысты мәселелер

glo™ пайдаланған кезде жану болмайды, яғни күл мен түтін болмайды, сондықтан қоршаған орта да азырақ ластанады, қоқыс та азырақ болады. Демек, орын-жайлардың ішінде және қоғамдық орындарда әсері азырақ болуы мүмкін.

glo™ өніміне көшу

Жаңа өнімге көшу бейімделуді қажет етуі мүмкін. Төменде жаңа өнімге көшуді жеңілдетуге көмектесетін бірнеше қадамдар келтірілген:

1. Өміріңізге кейбір өзгерістер енгізу туралы шешім қабылдай аласыз: мысалы, glo™ құрылғысын пайдалануды бастап, құрылғыны пайдалана бастаған күнді күнтізбеде белгілеп, өзгерістерді бақылап отыруға болады.

2. Құрылғыңызбен танысыңыз: glo™ құрылғысымен танысуға уақыт бөліңіз. Пайдаланушы нұсқаулығын оқып шығыңыз, оны қалай дұрыс пайдалану керек екенін және қалай барынша ләззат алуға болатынын біліңіз.

3. Біртіндеп көшу: Кейбір пайдаланушылардың пікірінше, glo™ өніміне біртіндеп көшу керек, көшу барысында қазір қолданып жүрген басқа өнімдерді қатар пайдалануға болады. Сонда көшу жеңіл өтуі мүмкін.

4. Мотивацияны сақтаңыз: көшу себептерін естен шығармаңыз. Денсаулыққа қатысты мәселелер, қоршаған ортаға қатысты әсер немесе жеке қалаулар болсын, мақсаттарыңызды берік ұстану табандылықты сақтауға көмектеседі.

Ешбір қиындықсыз көшу бойынша кеңестер

Құмарлықты бақылау: құмарлықты сезінгенде glo™ құрылғысын пайдаланыңыз. Тыныс алудың таныс әрекеті өзіңізді ұстауға көмектеседі.

Дәмдерді зерттеңіз: өзіңізге ең қолайлысын тауып, алатын әсерлерді жақсарту үшін әртүрлі темекі таяқшаларының дәмін татып көріңіз.

Көбірек су ішіңіз: ауыз су ауыз қуысының саулығын сақтауға және құмарлықты жеңуге көмектеседі.

Жетістіктеріңізді бақылаңыз: glo™ пайдалануды, алған әсерлеріңізді жазып жүріңіз. Жетістіктеріңізді бақылау жақсы ынталандыруы мүмкін.

Қорытынды

glo™ темекі зиянын азайту қағидаларымен үндес темекі өнеркәсіндегі инновациялар саласындағы алға басқан қадамды білдіреді. Темекіні жағудың орнына қыздыру арқылы glo™ зиянды химиялық заттардың әсері азырақ жағымды тәжірибе мен қанық дәм ұсынады. glo™ технологиясын түсіну және пайдалану адам мен қоршаған ортаға әсерді ескере отырып, темекі тұтынуға қатысты мұқият ойластырылған тәсілдің бір бөлігіне айналуы мүмкін.

* Осы құрылғы денсаулығыңызға зиян тигізуі мүмкін және тәуелділік тудыратын қыздырылатын темекі таяқшаларымен бірге пайдалануға арналған.

** Осы темекі өнімі зиян тигізуі мүмкін және тәуелділік тудырады.