glo ™ темекі қыздыру құрылғыларының артықшылықтарын зерттеу | glo™ Қазақстан

Барған сайын көп адам кәдімгі шылымды glo™* темекі қыздыру құрылғыларымен (бұдан әрі  «glo™») алмастыруды жөн көреді. Темекіні жағудың орнына жаңа гаджеттер құрамында никотин бар бу түзу үшін темекі таяқшаларын қыздырады. Осындай қыздыруды шылым шегумен салыстыру арқылы біз осы мақалада қарастыратын айырмашылықтарды көреміз.

Айырмашылықтар туралы толығырақ

Химиялық заттардың әсері

Зерттеулер көрсеткендей, glo™ қыздыру кезінде түзілетін темекі аэрозолінде шылым түтініне қарағанда уытты заттар орта есеппен 90-95% азырақ болады. glo™ шылымға қарағанда жанумен және өртеумен байланысты уытты заттарды азырақ шығарады.

Күл немесе сіңіп қалатын иіс жоқ

glo™ күл шығармайды, себебі, темекіні жақпайды, тек қыздырады. Сонымен қатар түзілетін бу киімге, шашқа немесе жиһазға сіңбейді, ал иіс шылым түтінінен әлдеқайда азырақ болады.

Дәмі

Темекінің табиғи дәмі қыздыру технологиясы арқылы жақсырақ ашылады. Аэрозоль күйік табы жоқ әлдеқайда таза, табиғи темекі дәмін береді. Әртүрлі талғамға сай болу үшін glo™ қанық темекі дәмінен әртүрлі үйлесімдерге дейін neo™, KENT™, Vogue™ ** темекі таяқшаларының дәмдерінің кең таңдауын ұсынады.

Кербез әрі ыңғайлы

glo™ құрылғылары кербез заманауи дизайнға ие, қолдау ұстау ыңғайлы және пайдалану оңай. glo Hyper x2 және Hyper Air сияқты үлгілер құрылғыны қолдану барысын бақылап отыру үшін интуитивті түсінікті басқаруды, жылдам қыздыруды және жарықдиодты индикаторларды ұсынады. Ықшам өлшемінің арқасында көзге түсе бермейді және бірге алып жүру ыңғайлы.

Балама іздеп жүрген шылым шегушілер үшін glo™ инновациялық тәжірибе ұсынады: күл, иіс және зиянды химиялық заттар азырақ. Дегенмен, қауіп-қатер жоққа шығарылмайды, сондықтан денсаулыққа төнетін қатерді азайтудың ең жақсы жолы — темекіні тұтынудан толығымен бас тарту.

glo ™ құрылғысы және Neo™, KENT™, Vogue™ таяқшалары туралы толығырақ ақпаратпен myglo.kz сайтында танысып шыға аласыз.