glo™ ұсынған музыкалық коллаборация. Тәлімгерлік және армандарды жүзеге асыру туралы жаңа жоба.

Мақсат қою және соған жету. Армандау және іске асыру. Үлкен биіктерді бағындыру және берілмеу.

Осы идеяны басшылыққа ала отырып, жаңа glo™ жобасы – Boost on әзірленді. Бұл жай ғана жұлдыздар қатысатын музыкалық науқан емес, жаңа істе бақ сынап көруден қорықпайтындар туралы шабыттандыратын хикая. Қолдау, тәлімгерлік, арманға жету жолында жалғыз емес екеніңіз туралы хикая.

Жобаның екі қатысушысы, танымал әнші әрі биші Юджин Тен және жас режиссер, актер әрі әнші Жан жайлылық аймағын тастап, музыканы жаңа қырынан ашуға бел буды.

«Музыкамен айналысу өмірдегі басты арманым еді. 10 жылдан бері сахнада өнер көрсетіп, тректерге мәтін жазып, би жазып, құрастырып жүрмін. Биыл әрі қарай жүруім керек деп шештім, атап айтқанда, өзім трек жазуым керек», – деп бөліседі Юджин Тен.

Мақсат қойылды, жанарлары жанып тұр, ойға алғанды іске асыратын уақыт келді. Сол кезде үшінші қатысушы – талантты композитор, пианист, DJ, жобаның тәлімгері Ида Каплан қосылады. Ол кәсіби тәжірибесімен бөлісіп, диджейлік лайфхактарды айтып қана қоймай, жігіттердің бастамаларында нағыз сүйеніші және жол көрсетушісі болды.

«Мені осы әлемге ашық және жаңа нәрсені үйренгісі келетін адамдар шабыттандырады. Сондықтан Boost жобасына тәлімгер ретінде қатысуға қуана келістім. Өнерпаздармен трек жасау қатты ұнады. Бір-бірімізбен білгенімізбен бөлісу арқылы жаңа және бірегей дүние жасадық. Қазір әрқайсысы өз тректерін жазып жатыр, ал мен нәтижесін күтіп жүрмін», – деді Ида.

Жуырда қатысушылардың бірлескен музыкалық туындысы шығады.

Ал қазірше ресми Телеграм-арнамызда Boost on жобасының шығармашылық процесін бақылап отыратын мүмкіндіктеріңіз бар. Коллаборация қалай өтті, өнерпаздармен сұхбаттар және көптеген басқасы @go_glo_bot арқылы қолжетімді.